30.09.2009, 17:52 6293

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Атырау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапарының бірінші күні Елбасы мұнай мен газ дайындау жөніндегі кешенді қондырғы орнатылып жатқан Қарабатан кентіндегі "Болашақ" зауытының құрылыс алаңына ат басын тіреді. Зауыттың атауын президент қойған.

Зауыт құрылысы Солтүстік Каспий жобасының аясында 2005 жылы басталған. Жобаның жалпы құны 4 млрд АҚШ долларын құрайды. Зауыт құрылысын салуға 20 мыңдай адам қатысуда. Ол 2010 жылы аяқталуға тиіс. Құрылыс жұмыстарының бірінші және екінші кезеңінде жұмыстардың 80 пайызы атқарылған.

Зауытта теңіздегі Қашаған кеніші тәжірибелік-өенкәсіптік игерілген кезде мұнайды судан айыру және тұрақтандыру, сақтау және экспорттау жұмыстары атқарылады.

Мемлекет басшысы одан кейін Атырау мен Ақтауды байланыстырып отырған тас жолының Қарабатан-Бейнеу учаскесіндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысады. Елбасы сапар барысында сондай-ақ, Өзен теміржолы - Қазақстанның Түрікменстанмен мемлекеттік шекарасы учаскесінің құрылысын бастау рәсіміне қатысады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны