14.09.2007, 11:42 3222

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қостанай облысында жүр

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қостанай облысында жүр.

Қостанай. 14 қыркүйек. "Қазақстан бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды. Мемлекет басшысының ұшағы Қостанай әуежайына түн ортасында келіп қонды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірге сапары аясында мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік нысандарда, соның ішінде жуырда ашылған қазақ мектепте болады.

Түстен кейін Нұрсұлтан Назарбаев алтын мен мыс концентратын өндіретін зауыттың ашылуына қатысады. Өндіріске жұмсалатын инвестициялар көлемі 145 млн долларға тең. Бұл Қазақстан бойынша алтын өндіретін ең үлкен кәсіпорын болмақ. "Варваринское" АҚ жыл сайын 4 тоннаға дейін алтын мен 15 мың тонна мыс концентратын өндіреді. Варваринское кенішіне президентті тікұшақ жеткізеді.

Мемлекет басшысыының өңірге сапары кешке аяқталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны