17.09.2009, 13:00 2717

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

Астана. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Павлодар облысына жұмыс сапарымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапар барысында ол Екібастұздағы "Солтүстік-Оңтүстік" энергокөпірінің екінші жоғары кернеулі желісін іске қосу рәсіміне қатысады, сауда ойын-сауық орталығында болады және кеншілер мен энергетиктер қаласындағы "Қайнар" білім беру кешенінің жұмысымен танысады.

Ал түстен кейін Елбасы Павлодарға келіп, жаңа аудандық аурухананы аралайды және эфир және полипропилен шығару зауытының жұмысымен танысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны