10.10.2017, 17:07 4380

Мемлекет басшысына "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ жоғары технологиялық биржасын құру барысы туралы хабарланды

Қазақстан Президентіне 2018 жылғы қаӊтарда ашылатын "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ Тәуелсіз соты мен Халықаралық арбитраждық орталықтыӊ нормативтік құжаттарын дайындау жұмысы аяқталғаны туралы баяндалды.

Астана. 10 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Елбасыға әлемніӊ үздік тәжірибелерін пайдалану арқылы құрылып жатқан халықаралық қаржы орталығын іске қосуға әзірлік жұмыстары жөнінде мәлімделді.

Қазақстан Президентіне 2018 жылғы қаӊтарда ашылатын "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ Тәуелсіз соты мен Халықаралық арбитраждық орталықтыӊ нормативтік құжаттарын дайындау жұмысы аяқталғаны туралы баяндалды.

Сондай-ақ, Қайрат Келімбетов Нұрсұлтан Назарбаевқа орталықты дамытудыӊ негізгі бағыттары жөнінде мәлімдеп, "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ жоғары технологиялық биржасын құру барысы туралы айтты.

Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ басқарушысы қазіргі уақытта Шанхай қор биржасымен және Nasdaq Inc. компаниясымен қаржы орталығын одан әрі қалыптастыруға және дамытуға септігін тигізетін келісімдерге қол қойылғанын атап өтті.

Елбасы ұсынылған есепті назарға алып, бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны