31.01.2008, 15:10 3277

Мемлекет басшысына "Бурабай" курорттық аймағын дамыту жобасы таныстырылды

Мемлекет басшысына "Бурабай" курорттық аймағын дамыту жобасы таныстырылды

Астана. 31 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа кеше "Бурабай" курорттық аймағын дамыту жобасы таныстырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"БФ Глобал" түрік компаниясы жасаған жоба Щучье көлінің жағасында әлемдік деңгейдегі туристік-ойын-сауық кешенін құруды қарастырады.

Онда қазіргі заманғы талаптарға сай 3700 нөмірлік 9 қонақ үй салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жалпы ауданы 21 мың шаршы метрден асатын ойын-сауық және сауда орталықтары салынады. Кешенге бірнеше казино, 700-ден астам жеке меншік коттедждер мен 1620 пәтерлік 4-5 қабаттан тұратын тұрғын үйлер кіреді.

Жобаны жүзеге асыру "Бурабай" курорттық аумағын танымал жазғы және қысқы демалыс орны ретінде дамытуды көздейді. Гольф-клубтар, ат-спорт орталығы, шыңға өрмелеуге арналған учаскелер осында әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартады.

Қыста демалуды сүйетіндер үшін онда мұз айдындары, шаңғы жолбағыттары мен осы заманғы көтергіштері бар тау шаңғысы жолдары ұйымдастырылады.

Жобаны 5 кезеңге бөліп, 12 жылда жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Президент жобаны жасаушыларға курорттық аймақтың көлік инфрақұрылымын салу қажеттігін ескертті.

Елбасы "Бурабай" курорттық аймағы Қазақстанның інжу-маржаны екендігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны