07.07.2010, 10:23 2231

Мемлекет басшысына көптеген құттықтау жеделхаттары келді

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елбасы Н. Назарбаевтың атына бүкіл әлемнің мемлекет және үкімет басшыларынан, сондай-ақ, атақты саяси қайраткерлерден көптеген жеделхаттар келді.

Астана. 7-шілде. Kazakhstan Today ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтаған көптеген жеделхаттар келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елбасы Н. Назарбаевтың атына бүкіл әлемнің мемлекет және үкімет басшыларынан, сондай-ақ, атақты саяси қайраткерлерден көптеген жеделхаттар келді.

"Мемлекет басшысының атына РФ президенті Дмитрий Медведевтен, Израиль президенті Шимон Перестен, Испания Королі Хуан Карлостан, Өзбекстан президенті Ислам Каримовтан, Австрияның федералды президенті Хайнц Фишерден, Изербайжан президенті Ильхам Илиевтен, Украина президенті Виктор Януковичтен, Беларуссия президенті Александр Лукашенкодан құттықтаулар келді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ҚР Президентін Чехия Республикасының президенті Вацлав Клаус, АҚШ бұрынғы президенттері Уильям Клинтон мен Джордж Буш, Болгарияның бұрынғы президенті Петр Стоянов, Эстонияның бұрынғы президенті Арнольд Рюйтель, Германия Федеративтік Республикасының бұрынғы канцлерлері Гельмут Коль мен Герхард Шредер құттықтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны