13.06.2014, 18:43 2805

Мемлекет басшысына Щучинск-Бурабай демалыс аймағын дамутың жоспары таныстырылды

Бурабайдағы шетел инвесторларының кеңесі аясында Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев Мемлекет басшысына 2014-2016 жылдарға арналған Щучинск-Бурабай демалыс аймағын дамыту жоспарының екінші кезеңін таныстырды.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. Бурабайдағы шетел инвесторларының кеңесі аясында Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев Мемлекет басшысына 2014-2016 жылдарға арналған Щучинск-Бурабай демалыс аймағын дамыту жоспарының екінші кезеңін таныстырды.

2012-2013 жылдарға арналған Щучинск-Бурабай демалыс аймағын дамыту жоспарының бірінші кезеңінде 4 бөлім бойынша шаралар атқарылды: туризмді дамытудың бірінші кезектегі шаралары, экологиялық мәселелерді шешу шаралары, көлік-логистикалық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустрия комитеті.

2014-2016 жылдарға арналған Щучинск-Бурабай демалыс аймағын дамыту жоспарының екінші кезеңі 2014 жылдың 12 мамырындағы Үкімет Қаулысымен қабылданды. Жоспарда жалпы құны 47 580,6 млн теңгеге 5 бөлім бойынша шаралар атқару қарастырылған. Атап айтар болсақ ол аймақтың туристік әлеуетін арттыру, экологиялық мәселелерді шешу, көлік-логистикалық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілігі: Президенттің іс басқармасы, Өңірлік даму министрлігі, Көлік және коммуникация министрлігі, Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, Ішкі істер министрлігі мен Ақмола облысы әкімдігі.

Ал 2020 жылы Щучинск-Бурабай демалыс аймағын тәулік бойғы демалыс аймағына айналдыру жоспарланып отыр. Жылына келетін туристер саны 300 мыңнан 1 млн-ға дейін көбейеді деп күтілуде. Осыған орай 29 мың жұмыс орны ашылмақ. 2020 жылға дейінгі қажет инвестиция көлемі 1 544 млн долларды құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны