16.02.2016, 13:01 4035

Мемлекет басшысына Универсиада нысандарыныӊ құрылысы туралы баяндалды

Нұрсұлтан Назарбаев спорт кешенініӊ инфрақұрылымымен танысты. Мұнда 2017 жылы қысқы Универсиаданыӊ ашылу және жабылу рәсімі, сондай-ақ мәнерлеп сырғанау мен керлингтен жарыстар өтеді

Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Мұз аренасында болды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев спорт кешенініӊ инфрақұрылымымен танысты. Мұнда 2017 жылы қысқы Универсиаданыӊ ашылу және жабылу рәсімі, сондай-ақ мәнерлеп сырғанау мен керлингтен жарыстар өтеді, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Мемлекет басшысына қаланыӊ негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Алматы облысындағы автомобиль жолдары желісін, инновациялық кластер және "Инновациялық технологиялар паркі" арнаулы экономикалық аймағын дамыту барысы туралы баяндалды.

Қазақстан Президентіне Универсиада нысандары құрылысы және халықаралық жарыстар ұйымдастыру мәселесі бойынша бүгінге дейін атқарылған жұмыстар жөнінде айтылды. 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада дайындығына қатысты дирекция мәліметтері бойынша, іс-шараныӊ операциялық бюджеті екі есеге - 17 миллиард теӊгеге дейін ықшамдалған.

8 спорт нысанында 12 спорт түрі бойынша өтетін жарыстарға әлемніӊ 55 елінен 2 мыӊға жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олар қысқы Универсиада тарихында бірінші рет Атлеттер мекенінде жайғасатын болады. Қазіргі уақытта 34 ел қатысатынын растап, онлайн-тіркеуден өтті.

Жарыс өткізу барысында 30 мыӊға жуық туристер мен шетелдік қонақтар келеді деп жобалануда. Қысқы Универсиаданыӊ күнделікті телекөрермендер аудиториясы әлемніӊ 80 елін қамтып, 1 миллиард адамға жетпек.

2016 жылғы наурыздан спорт нысандарыныӊ, қала қызметтерініӊ өкілдерін, еріктілерді қаладағы 5 жоғары оқу орнында ағылшын тіліне оқыту бағдарламасы басталады. Жарысты ұйымдастыру ісіне 3 мыӊға жуық ерікті тартылады.

Мұз аренасы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада кешендері қатарына кіреді және 12 мыӊ көрерменге арналған. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2016 жылғы қазанда аяқтау жоспарланған. Қазіргі кезде оныӊ құрылысына 1,5 мыӊ жұмысшы атсалысуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны