14.04.2017, 23:39 24229

Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласы

Бағдарлама неге "Туған жер" деп аталады? Адам баласы - шексіз зерденіӊ ғана емес, ғажайып сезімніӊ иесі. Туған жер - әркімніӊ шыр етіп жерге түскен, бауырында еӊбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанныӊ өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегініӊ түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оныӊ мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іӊкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмніӊ маӊызды көріністерініӊ бірі.

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласы

КІРІСПЕ

Еліміз жаӊа тарихи кезеӊге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы басталғанын жарияладым.

Осылайша, біз қайта түлеудіӊ айрықша маӊызды екі процесі - саяси реформа мен экономикалық жаӊғыруды қолға алдық.

Біздіӊ мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол - әлемдегі еӊ дамыған 30 елдіӊ қатарына қосылу.

Аталған екі жаӊғыру процесініӊ де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздыӊ бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұныӊ өзі жеткіліксіз.

Мақсатқа жету үшін біздіӊ санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаӊғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаӊғыруларды толықтырып қана қоймай, олардыӊ өзегіне айналады.

Рухани жаӊғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.

Біз Тәуелсіздік кезеӊінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.

2004 жылы "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаӊғырттық.

2013 жылы "Халық - тарих толқынында" бағдарламасы арқылы әлемніӊ еӊ белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.

Енді осыныӊ бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз.

Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім.

І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ

Күллі жер жүзі біздіӊ көз алдымызда өзгеруде. Илемде бағыты әлі бұлыӊғыр, жаӊа тарихи кезеӊ басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіӊіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теӊеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаӊа дәуірдіӊ жағымды жақтарын бойға сіӊіруіміз керек.

ХХ ғасырдағы батыстық жаӊғыру үлгісініӊ бүгінгі заманныӊ болмысына сай келмеуініӊ сыры неде? Меніӊше, басты кемшілігі - олардыӊ өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердіӊ ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таӊуында. Ижептәуір жаӊғырған қоғамныӊ өзініӊ тамыры тарихыныӊ тереӊінен бастау алатын рухани коды болады.

Жаӊа тұрпатты жаӊғырудыӊ еӊ басты шарты - сол ұлттық кодыӊды сақтай білу. Онсыз жаӊғыру дегеніӊіздіӊ құр жаӊғырыққа айналуы оп-оӊай.

Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыӊдағы жақсы мен жаманныӊ бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананыӊ аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.

Жаӊғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаӊғырудыӊ маӊызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаӊғыру елдіӊ ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.

Сонымен бірге, рухани жаӊғыру ұлттық сананыӊ түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маӊызды.

Бұл - тарлан тарихтыӊ, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтыӊ көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадыныӊ тұғырнамасы.

Мен халқымныӊ тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудіӊ берік діӊі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын.

Бұл ретте, тұтас қоғамныӊ және әрбір қазақстандықтыӊ санасын жаӊғыртудыӊ бірнеше бағытын атап өтер едім.

1. Бәсекелік қабілет

Қазіргі таӊда жеке адам ғана емес, тұтас халықтыӊ өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттыӊ аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еӊбек ресурстары болуы мүмкін.

Болашақта ұлттыӊ табысты болуы оныӊ табиғи байлығымен емес, адамдарыныӊ бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ-стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімніӊ алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардыӊ санатында.

Сол себепті, "Цифрлы Қазақстан", "Үш тілде білім беру", "Мәдени және конфессияаралық келісім" сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдыӊ талаптарына даярлаудыӊ қамы.

2. Прагматизм

Қанымызға сіӊген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаӊ қағидаларды өзгертпейінше, біздіӊ толыққанды жаӊғыруымыз мүмкін емес.

Төл тарихымызға, бабаларымыздыӊ өмір салтына бір сәт үӊіліп көрсек, шынайы прагматизмніӊ талай жарқын үлгілерін табуға болады.

Халқымыз ғасырлар бойы туған жердіӊ табиғатын көздіӊ қарашығындай сақтап, оныӊ байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теӊдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.

Тек өткен ғасырдыӊ ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соныӊ кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбініӊ басы тұлпарлардыӊ тұяғымен ғана тапталған даланыӊ барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаӊ майы шығатын мыӊдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теӊізі аӊқасы кепкен қу медиен шөлге айналды.

Осыныӊ бәрі - жерге аса немқұрайлы қараудыӊ ащы мысалы.

Біз жаӊғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіӊген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Прагматизм - өзіӊніӊ ұлттық және жеке байлығыӊды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыӊды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даӊғойлық пен кердеӊдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттіӊ белгісі - орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді.

Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану - мінез-құлықтыӊ прагматизмі деген осы.

Бұл - заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертеӊ іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады.

Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардыӊ ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес. Өткен ғасырдыӊ басты үш идеологиясы - коммунизм, фашизм және либерализм біздіӊ көз алдымызда күйреді.

Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек. Адамныӊ да, тұтас ұлттыӊ да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудыӊ көгіне темірқазық бола алады. Еӊ бастысы, олар елдіӊ мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс.

Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардыӊ ұраны болуға жарайды.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық жаӊғыру деген ұғымныӊ өзі ұлттық сананыӊ кемелденуін білдіреді.

Оныӊ екі қыры бар.

Біріншіден, ұлттық сана-сезімніӊ көкжиегін кеӊейту.

Екіншіден, ұлттық болмыстыӊ өзегін сақтай отырып, оныӊ бірқатар сипаттарын өзгерту.

Қазір салтанат құрып тұрған жаӊғыру үлгілерініӊ қандай қатері болуы мүмкін?

Қатер жаӊғыруды әркімніӊ ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдіӊ өзі бұл пайымныӊ түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өӊір мен әрбір мемлекет өзініӊ дербес даму үлгісін қалыптастыруда.

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәӊгі қалуға тиіс.

Абайдыӊ даналығы, Иуезовтіӊ ғұламалығы, Жамбылдыӊ жырлары мен Құрманғазыныӊ күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні - бұлар біздіӊ рухани мәдениетіміздіӊ бір парасы ғана.

Сонымен бірге, жаӊғыру ұғымыныӊ өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді.

Мысалы, жершілдікті алайық. Ирине, туған жердіӊ тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маӊыздырақ мәселені - өзіӊніӊ біртұтас ұлы ұлттыӊ перзенті екеніӊді ұмытуға әсте болмайды.

Біз әркім жеке басыныӊ қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жеӊ ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді.

Осыныӊ бәрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым - бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақстандықтардыӊ ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.

Біріншісі - ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаӊғыру болмайды.

Екіншісі - алға басу үшін ұлттыӊ дамуына кедергі болатын өткенніӊ кертартпа тұстарынан бас тарту керек.

4. Білімніӊ салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздіӊ қанымызда бар қасиет.

Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыӊдаған жасты әлемніӊ маӊдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдыӊ тоқсаныншы жылдарыныӊ басында қолға алынған "Болашақ" бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деӊгей-дегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды.

Дегенмен, білімніӊ салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оныӊ айқын да, бұлтартпас себептері бар. Технологиялық революцияныӊ беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердіӊ жартысы жойылып кетеді.

Экономиканыӊ кәсіптік сипаты бұрын-соӊды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген.

Біз бүгінгі жаӊа атаулы ертеӊ-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеӊіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.

Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарыныӊ үлесі жөнінен әлемдегі еӊ алдыӊғы қатарлы елдердіӊ санатына қосылып отырмыз.

Табысты болудыӊ еӊ іргелі, басты факторы білім екенін әркім тереӊ түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердіӊ қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

5. Қазақстанныӊ революциялық емес, эволюциялық дамуы

Биыл Еуразия құрлығыныӊ ұлан-ғайыр аумағын астаӊ-кестеӊ еткен 1917 жылдыӊ қазан айындағы оқиғаға 100 жыл толады.

Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкіністерге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлттарға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгертті.

Ирбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл - әркімніӊ өз еркіндегі шаруа.

Біреуге өзіӊніӊ көзқарасыӊды еріксіз таӊуға ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерініӊ субъективті пайымдарын тықпалауға да ешкімніӊ қақысы жоқ.

Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаӊ да зұлмат ғасыр болды.

Біріншіден, ұлттық дамудыӊ көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымныӊ бізге жат үлгісі еріксіз таӊылды.

Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оныӊ жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.

Үшіншіден, қазақтыӊ тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады.

Төртіншіден, еліміздіӊ көптеген өӊірлері экологиялық апат аймақтарына айналды.

Ирине, тарих тек ақтаӊдақтардан тұрмайды.

ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді.

Индустрияландыруды, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардыӊ құрылуын, жаӊа интеллигенцияныӊ қалыптасуын осыған жатқызуға болады.

Бұл кезеӊде елімізде белгілі бір жаӊғыру болды. Бірақ, бұл - ұлттыӊ емес, аумақтыӊ жаӊғыруы еді.

Біз тарихтыӊ сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оныӊ формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді.

Біздіӊ кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа - эволюциялық даму ғана ұлттыӊ өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.

Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтыӊ темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтыӊ жеке басыныӊ дербес бағдарына айналуға тиіс.

Бірақ, қоғамныӊ эволюциялық дамуы қағида ретінде мәӊгі тұмшаланудыӊ синонимі емес.

Сол себепті, тарихтыӊ ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтыӊ беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маӊызды.

Бүгінде революциялар өӊін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.

Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау - қоғамныӊ да, саяси партиялар мен қозғалыстардыӊ да, білім беру жүйесініӊ де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысыныӊ бір бөлігі.

6. Сананыӊ ашықтығы

Көптеген проблема әлемніӊ қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімніӊ "от басы, ошақ қасы" аясында қалуынан туындайды.

Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзініӊ туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздіӊ де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпейтіндей.

Еуропалық Одақтыӊ 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері - неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да тілдерді сыйламай ма? Илде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма?

Бұл - бәзбіреулердіӊ әншейін қалауы емес, жаһандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудіӊ басты шарты.

Бірақ, мәселе бұған да тіреліп тұрған жоқ. Сананыӊ ашықтығы зерденіӊ үш ерекшелігін білдіреді.

Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарыныӊ өзіӊе қатысты аумағында және өз еліӊніӊ айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, ол жаӊа технологияныӊ ағыны алып келетін өзгерістердіӊ бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздіӊ өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.

Үшіншіден, бұл - өзгелердіӊ тәжірибесін алып, еӊ озық жетістіктерін бойға сіӊіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава - Жапония мен Қытайдыӊ бүгінгі келбеті - осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудыӊ нағыз үлгісі.

"Өзімдікі ғана таӊсық, өзгенікі - қаӊсық" деп кері тартпай, ашық болу, басқалардыӊ еӊ озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл - табыстыӊ кілті, әрі ашық зерденіӊ басты көрсеткіштерініӊ бірі.

Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шықпай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды.

Көкжиектіӊ арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды. Тіпті, бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардыӊ байыбына барып, түсіне де алмай қалады.

ІІ. ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР

Қоғамдық сана жаӊғырудыӊ негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздіӊ заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді.

Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын.

Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін тереӊ түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық.

Қазақ тілініӊ әліпбиі тым тереӊнен тамыр тартатынын білесіздер.

VI-VII ғасырлар - ерте орта ғасыр кезеӊі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға "Орхон-Енисей жазулары" деген атаумен танылған көне түркілердіӊ руникалық жазуы пайда болып, қолданылды.

Бұл адамзат тарихындағы еӊ көне әліпбилердіӊ бірі ретінде белгілі.

V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлығыныӊ аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды.

Мәселен, Алтын Орданыӊ бүкіл ресми құжаттары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді.

Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соӊ руникалық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады.

Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды.

1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеӊесініӊ Президиумы латындандырылған жаӊа әліпби - "Біртұтас түркі алфавитін" енгізу туралы қаулы қабылдады.

Латын әліпбиініӊ негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.

1940 жылғы 13 қарашада "Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаӊа әліпбиге көшіру туралы" заӊ қабылданды.

Осылайша, қазақ тілініӊ әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.

Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен "Қазақстан-2050" Стратегиясында "2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін" мәлімдедім.

Бұл - сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз.

Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз.

Ол кезеӊ де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудіӊ нақты кестесін жасауы керек.

Латыншаға көшудіӊ тереӊ логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаныӊ, коммуникацияныӊ, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесініӊ ерекшеліктеріне байланысты.

Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес.

2017 жылдыӊ аяғына дейін ғалымдардыӊ көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиініӊ жаӊа графикадағы бірыӊғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаӊа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет.

Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс.

Ирине, жаӊа әліпбиге бейімделу кезеӊінде белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұрады.

Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша "Жаӊа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" жобасын қолға аламыз.

Оныӊ мәні мынада:

1. Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздіӊ жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттіӊ қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты тереӊ түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет.

2. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімніӊ барлық бағыттары бойынша әлемдегі еӊ жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таӊдаулы үлгілердіӊ негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылыныӊ өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз.

3. Ол үшін қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру керек. Ол Үкіметтіӊ тапсырысы бойынша 2017 жылдыӊ жазынан тиісті жұмыстарға кірісе бергені жөн.

Бұл бағдарлама арқылы неге қол жеткіземіз?

Еӊ алдымен, жүз мыӊдаған студентке жаӊа сапалық деӊгейде білім бере бастаймыз.

Бұл - білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз.

Оған қоса, жаӊа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаӊғыртудыӊ негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтыӊ негізі білім ордаларыныӊ аудиторияларында қаланады.

Біздіӊ әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімніӊ аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Илемніӊ үздік 100 оқулығыныӊ қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, еӊ заманауи, таӊдаулы үлгілерді алып, олардыӊ қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек.

Бұл - мемлекеттіӊ міндеті.

Үкімет мұны аудармашы мамандармен қамтамасыз ету, авторлық құқық, оқу-әдістемелік бағдарламалар мен профессорлық-оқытушылық құрамды белгілеу сияқты жайттарды ескере отырып, кешенді түрде шешуі керек.

Үшіншіден, Қазақ "Туған жерге туыӊды тік" деп бекер айтпаған.

Патриотизм кіндік қаныӊ тамған жеріӊе, өскен ауылыӊа, қалаӊ мен өӊіріӊе, яғни туған жеріӊе деген сүйіспеншіліктен басталады.

Сол себепті, мен "Туған жер" бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оныӊ ауқымы ізінше оп-оӊай кеӊейіп, "Туған елге" ұласады.

Мәселен, "Ауылым - әнім" атты әнді айтқанда, "Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін" деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл - мағынасы өте тереӊ сөздер.

Бағдарлама неге "Туған жер" деп аталады? Адам баласы - шексіз зерденіӊ ғана емес, ғажайып сезімніӊ иесі. Туған жер - әркімніӊ шыр етіп жерге түскен, бауырында еӊбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанныӊ өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегініӊ түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.

Туған жерге, оныӊ мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іӊкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмніӊ маӊызды көріністерініӊ бірі.

Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодыныӊ негізі.

Біздіӊ бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстыӊ қанаты талып, жүгірген аӊныӊ тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ.

Олар ұлттыӊ болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекенніӊ қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.

Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаныӊ мәні неде?

Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деӊгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.

Патриотизмніӊ еӊ жақсы үлгісі орта мектепте туған жердіӊ тарихын оқудан көрініс тапса игі.

Туған жердіӊ әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Ирбір жер атауыныӊ төркіні туралы талай-талай аӊыздар мен әӊгімелер бар. Ирбір өлкеніӊ халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осыныӊ бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.

Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл - қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек.

Үшінші, жергілікті билік "Туған жер" бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс.

Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет.

Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудіӊ түрлі жолдарын табу керек.

Бұл жерде де көп жұмыс бар.

Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады.

Қысқаша айтқанда, "Туған жер" бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмніӊ нағыз өзегіне айналады.

Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге - Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.

Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған "Туған жер" бағдарламасынан бөлек, біз халықтыӊ санасына одан да маӊыздырақ - жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіӊіруіміз керек.

Ол үшін "Қазақстаныӊ қасиетті рухани құндылықтары" немесе "Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясы" жобасы керек.

Ирбір халықтыӊ, әрбір өркениеттіӊ баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтыӊ әрбір азаматы біледі.

Бұл - рухани дәстүрдіӊ басты негіздерініӊ бірі.

Біз - ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланыӊ көз жеткізгісіз кеӊ-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтыӊ тонныӊ ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген.

Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздіӊ біртұтас желісін бұрын-соӊды жасаған емеспіз.

Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ.

Идеяныӊ түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздыӊ ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудыӊ киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меӊзейді.

Мұныӊ бәрі тұтаса келгенде халқымыздыӊ ұлттық бірегейлігініӊ мызғымас негізін құрайды.

Біз жат идеологиялардыӊ әсері туралы айтқанда, олардыӊ артында басқа халықтардыӊ белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек.

Тиісінше, оларға өзіміздіӊ ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз.

Қазақстанныӊ қасиетті жерлерініӊ мәдени-географиялық белдеуі - неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаӊдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздыӊ қайнар бұлағы.

Ол - ұлттық бірегейлік негіздерініӊ басты элементтерініӊ бірі. Сондықтан, мыӊжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз.

Биыл Үкімет жұртшылықпен ақылдаса отырып, жобаны әзірлеуі керек. Онда үш мәселе қамтылғаны жөн. Нақтырақ айтқанда:

1. Аталған "Мәдени-географиялық белдеудіӊ" рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағарту дайындығын жүргізу қажет.

2. БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде, мықтап айналысуы керек.

3. Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқымыздыӊ осы қастерлі мұраларына сүйенуге тиіс. Мәдени маӊыздылығы тұрғысынан біздіӊ Түркістан немесе Алтай - ұлттық немесе құрлықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құндылықтар.

Бесіншіден, заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет - мәдениеттіӊ де бәсекелік қабілеті деген сөз. АҚШ-тыӊ "қырғи-қабақ соғыс" кезіндегі табысыныӊ қомақты бөлігі Голливудтыӊ еншісінде.

Біз ХХІ ғасырдыӊ жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" жобасын іске асыруға тиіспіз.

Илем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек.

Бұл жоба нені көздейді?

Бірінші, отандық мәдениет БҰҰ-ныӊ алты тілі - ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт.

Екінші, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс.

Үшінші, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудыӊ мүлдем жаӊа тәсілдерін ойластыру керек.

Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен де шыққаны абзал.

Төртінші, бұған ауқымды мемлекеттік қолдау жасалуы қажет. Сыртқы істер, Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар министрліктері жүйелі түрде, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек.

Бесінші, бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оныӊ ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс.

Біз заманауи мәдениетіміздіӊ қандай өкілдері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анықтап алуымыз керек.

Ұлттық мәдениетіміздіӊ озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз.

2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете алатынымызды айқындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ. Содан соӊ бірегей бағдарламаны 5-7 жылда тыӊғылықты жүзеге асырамыз.

Осылайша, мыӊ жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз тұӊғыш рет әлемніӊ барлық құрлықтарына жол тартып, басты тілдерінде сөйлейтін болады.

Алтыншыдан, ұлт мақтанышы біздіӊ бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс.

Мен бүгінгі замандастарымыздыӊ жетістіктерініӊ тарихына да назар аударуды ұсынамын.

Бұл идеяны "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасы арқылы іске асырған жөн.

Еліміздіӊ Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл - тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезеӊ. Ирине, жасалған жұмыстардыӊ маӊызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ.

Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардыӊ өздері мен олардыӊ табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардыӊ тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанныӊ әрбір жетістігініӊ артында алуан түрлі тағдырлар тұр.

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздіӊ әр өӊірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерініӊ тарихы.

Жобада нақты адамдардыӊ нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанныӊ келбеті көрініс табады.

Біз "Жаныӊда жүр жақсы адам" деген сөздіӊ байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзініӊ еӊбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардыӊ жүріп өткен жолдары - кез келген статистикадан артық көрсеткіш.Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардыӊ кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек.

Қазіргі медиамәдениетті суырыла сөйлейтін "шешендер" емес, өмірдіӊ өзінен алынған шынайы оқиғалар қалыптастырады. Мұндай оқиғаларды көрсету бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ басты нысанасына айналуға тиіс.

Бұл жоба үш мәселені шешуге бағытталғаны жөн.

1. Ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту.

2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудіӊ жаӊа мультимедиалық алаӊын қалыптастыру.

3. "100 жаӊа есім" жобасыныӊ өӊірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздыӊ алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.

ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек.

Жаӊа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаӊғыру міндеті барлық мемлекеттердіӊ алдында тұр.

Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаӊғыру да тарихтыӊ өзі сияқты жалғаса беретін процесс.

Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаӊғыру және жаӊа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудіӊ теӊдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр.

Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаӊғыру жөніндегі осынау ұсыныстардыӊ маӊызын тереӊ түсінеді деп сенемін.

Жаӊа жағдайда жаӊғыруға деген ішкі ұмтылыс - біздіӊ дамуымыздыӊ еӊ басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтыӊ шаӊына көміліп қала береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны