05.04.2016, 20:34 4079

Мемлекет басшысыныӊ "Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит: ілгері бастаған жол" мақаласы

"Дегенмен, саммиттер сериясыныӊ қорытындысын шығара отырып, халықаралық қоғамдастық ядролық қатер азаймағанын, керісінше ұлғайып бара жатқанын мойындауы тиіс. Трансұлттық террорлық ұйымдардыӊ өсіп-жетілуі және өӊірлік қақтығыстар ескеруге тиіс жаӊа проблемаларды тудыруда", - делінген мақалада.

Астана. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президентініӊ мақаласы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында АҚШ-тыӊ The Hill атты күнделікті саяси газетінде жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ пікірінше, іс-шара аясында өткен кездесулер қауіпті ядролық материалдар айналымын бақылау мәселесіндегі ынтымақтастықты жаӊа деӊгейге көтерді, ал АҚШ Президенті Барак Обаманыӊ осы саммиттерді шақырудағы көшбасшылығы ядролық қауіпсіздікті нығайту ісіне нақты үлес қосты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

"Дегенмен, саммиттер сериясыныӊ қорытындысын шығара отырып, халықаралық қоғамдастық ядролық қатер азаймағанын, керісінше ұлғайып бара жатқанын мойындауы тиіс. Трансұлттық террорлық ұйымдардыӊ өсіп-жетілуі және өӊірлік қақтығыстар ескеруге тиіс жаӊа проблемаларды тудыруда", - делінген мақалада.

Нұрсұлтан Назарбаев Кеӊес одағынан көлемі жөнінен әлемдегі төртінші ядролық арсеналға ие болып қалған Қазақстанныӊ тәжірибесіне назар аударды.

"Жері ядролық қару сынау үшін полигон ретінде пайдаланылған, 500 ядролық сынақтыӊ нәтижесінде бір жарым миллионнан астам азаматы мен ауқымды территориясы радиацияға ұшыраған еліміздіӊ тарихи тәжірибесі бізді қауіпсіздікті басқаша түсінуге алып келді", - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқыныӊ қолдауы арқасында кеӊестік Семей ядролық полигоны жабылғанын, содан кейін еліміз өз аумағындағы барлық ядролық қарудан бас тартқанын айтты.

"Қару және ядролық материалдар қорын жою өӊірімізге қауіпсіздік пен тұрақтылық әкелді. Алайда, әлдеқайда берік қауіпсіздік барлық тараптыӊ өзара қауіпсіздігіне бағытталған құрылымдар арқылы ғана қамтамасыз етілуі мүмкін", - делінген мақалада.

Нұрсұлтан Назарбаев мұндай үдеріс Орталық Азияда сенім шараларын жүзеге асырудан басталғанына назар аударды. Бұл ынтымақтастық кейіннен Орталық Азияны ядролық қарудан ада өӊір ретінде жариялауға ықпал етті, нәтижесінде өӊір барынша тұрақты бола түсті.

"Ядролық қару бұдан былай Орталық Азияда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы болып саналмайды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы еліміздіӊ тәжірибесі ядролық қару мәселесін барынша кеӊінен талқылау үшін жағдай жасауға мүмкіндік бергенін айтты. Қазақстанныӊ бірегей тарихы Иранныӊ АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германиямен ядролық проблема бойынша келісім әзірлеу жөніндегі бастапқы келіссөздеріне септігін тигізді.

Бұл ретте Қазақстан Президенті алаӊдаушылық тудырып отырған жайттыӊ -қару жасауға мүмкіндік беретін деӊгейге дейін уранды байыту ісініӊ тамырына балта шабу қажеттігін айрықша атап өткен. Бұл үшін Қазақстандағы Атом энергиясыныӊ халықаралық агенттігі тарапынан төмен байытылған уранныӊ әлемдегі тұӊғыш банкі құрылуда, ол ядролық отынды кез келген елге жеткізуді сенімді түрде қамтамасыз етіп, сол арқылы байытуға арналған бағасы қымбат тұратын және тұрақсыздандыратын қондырғыларды әзірлеу мен жасауға деген қажеттілікті жояды.

Нұрсұлтан Назарбаев ядролық сынақтардыӊ барлығына тыйым салу қажеттігін тағы да атап айтты.

"Біріккен Ұлттар Ұйымы 29 тамызды, Семей полигоны жабылған күнді Ядролық сынақтарға қарсы күрестіӊ халықаралық күні деп жариялады. Қазақстандағы ядролық сынақтардыӊ ауыр салдарлары және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттыӊ (ЯСЖТШ) тезірек күшіне ену қажеттігі туралы біз бастамашылық еткен АТОМ жобасында халықаралық деӊгейде айтылған, оныӊ идеяларына 100-ден астам елдіӊ қарапайым тұрғындары қолдау көрсетті", - делінген мақалада.

Жапониямен бірге ЯСЖТШ жөніндегі шолу конференциясыныӊ теӊ төрағасы ретінде Қазақстан бұл мәселе бойынша ілгерілеушілікке қол жеткізу үшін жұмыс жүргізуге ниетті. Нұрсұлтан Назарбаев барлық мемлекеттерді, әсіресе ЯСЖТШ-ныӊ күшіне енуіне ықпал ететін елдерді жауапкершілік танытып, тиісті қадамдар жасауға шақырды.

"Сынақтарға тыйым салу барлық мәселені өзінен өзі шешпейді. Бірақ келісімніӊ күшіне енуі біздіӊ әлемдегі ядролық қаруды жою жөніндегі түпкілікті мақсат жолындағы тағы бір елеулі қадам болмақ", - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны