04.05.2015, 14:06 3490

Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аӊдатпасы

8 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев "Отан қорғаушылар" монументіне гүл қою рәсіміне қатысады.

Астана. 04 Мамыр. Kazakhstan Today - 5 мамырда Мемлекет басшысы Еуропалық комиссияныӊ бұрынғы төрағасы Ж.Баррозуды қабылдайды деп жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

6 мамырда Ақордада мемлекеттік наградалар тапсыру, сондай-ақ әскери және арнайы атақтар беру рәсімі өтеді.

Сол күні Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты концерт болады.

7 мамырда Астанада әскери парад өтеді. Мемлекет басшысы И.Панфиловтыӊ елордадағы ескерткішініӊ ашылу рәсіміне қатысады.

Сонымен қатар, Қазақстанға ресми сапармен келетін Қытай Халық Республикасыныӊ төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер өткізу жоспарланған.

8 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев "Отан қорғаушылар" монументіне гүл қою рәсіміне қатысады.

Сол күні Мемлекет басшысы ТМД елдерініӊ мемлекет басшыларыныӊ бейресми кездесуіне, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ отырысына қатысу үшін Мәскеу қаласына аттанады.

9 мамырда Қазақстан Президенті Мәскеуде Жеӊіс күніне арналған мерекелік шараларға қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны