25.08.2015, 11:36 3720

Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аӊдатпасы

26 тамызда Пәкістан Ислам Республикасыныӊ Премьер-министрі Наваз Шариф Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар барысында екіжақты келіссөздер өтіп, бірқатар құжатқа қол қойылмақ

Астана. 25 Тамыз. Kazakhstan Today - 26 тамызда Пәкістан Ислам Республикасыныӊ Премьер-министрі Наваз Шариф Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар барысында екіжақты келіссөздер өтіп, бірқатар құжатқа қол қойылмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

27 тамызда Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ ТМД елдері мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердіӊ бас прокурорларымен кездесуі жоспарланған. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті сондай-ақ осы күні МАГАТЭ бас директоры Ю.Аманоны және АҚШ-тыӊ бұрынғы сенаторы С.Наннды қабылдайды.

Ал 28 тамызда Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Сербия Президенті Томислав Николичпен кездеседі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысыныӊ сол күні ел Конституциясыныӊ 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысуы жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны