06.10.2015, 09:54 4097

Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аӊдатпасы

9 қазанда Қазақстанға Украина Президенті Петр Порошенко ресми сапармен келеді

Астана. 07 Қазан. Kazakhstan Today - 9 қазанда Қазақстанға Украина Президенті Петр Порошенко ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардыӊ, соныӊ ішінде сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтыӊ мейлінше өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарлануда, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында көмір өнеркәсібі, көлік-логистика, агроөнеркәсіп кешені және басқа салалардағы өзара іс-қимылдыӊ басымдығы бар бағыттарын қарастыру көзделген.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко күн тәртібіндегі негізгі халықаралық мәселелер бойынша, соныӊ ішінде Минск уағдаластықтарын жүзеге асыру барысына қатысты пікір алмасады деп жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны