23.05.2016, 12:14 4265

Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аӊдатпасы

24 мамырда Қазақстан Президенті Астана экономикалық форумы аясында елімізге Халықаралық валюта қорыныӊ өӊірлік конференциясына қатысу үшін келетін Халықаралық валюта қорыныӊ басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесу өткізеді

Астана. 23 мамыр. Kazakhstan Today - 24 мамырда Қазақстан Президенті Астана экономикалық форумы аясында елімізге Халықаралық валюта қорыныӊ өӊірлік конференциясына қатысу үшін келетін Халықаралық валюта қорыныӊ басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

25 мамырда Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасыныӊ негізгі даму бағыттарын, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшеліктіӊ басымдықтарын пайдалану және еліміздіӊ халықаралық аренадағы бастамаларын ілгерілету қадамдарын талқылау үшін Халықаралық консультативтік кеӊес мүшелерімен кездеседі, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

26 мамырда Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ IX Астана экономикалық форумына қатысуы және "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеӊестіӊ мүшелерімен, сондай-ақ Нобель сыйлығыныӊ лауреаттарымен, халықаралық ұйымдардыӊ басшыларымен кездесу өткізуі жоспарланған.

27 мамырда Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ кезекті отырысын өткізу жоспарланған. Оныӊ аясында Кеӊес мүшелерімен - трансұлттық ірі компаниялардыӊ басшыларымен жекелеген кездесулер өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны