13.04.2015, 10:25 3826

Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өтетін іс-шаралар аӊдатпасы

13 сәуірде Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасыныӊ сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифті қабылдайды деп жоспарлануда

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - 13 сәуірде Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасыныӊ сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифті қабылдайды деп жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

14 сәуірге Мемлекет басшысы мен "Тоталь" компаниясыныӊ президенті Патрик Пуянненіӊ кездесуі жоспарланған. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

16 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетін Түркия Республикасыныӊ Президенті Реджеп Тайып Ердоғанныӊ келіссөздері өтетін болады.

Сапар аясында екі мемлекет басшыларыныӊ Жоғары деӊгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеӊесініӊ екінші отырысына қатысуы көзделген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны