19.03.2010, 17:12 3068

Мемлекет басшысының өкімдерімен бірқатар министрліктердің жауапты хатшылары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімдерімен бірқатар министрліктердің жауапты хатшылары тағайындалды

Астана. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының өкімдерімен бірқатар министрліктердің жауапты хатшылары тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының өкімдерімен: Эдуард Олегович Квятковский Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды; Жанна Дулатқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды; Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды; Дина Мэлсқызы Шәженова Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды; Қайрат Бектайұлы Ибсаттаров Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімімен Батыр Ипенұлы Маханбетәжиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны