10.09.2009, 10:19 1960

Мемлекет басшысының өкімдерімен бірқатар тағайындаулар жасалды

Мемлекет басшысының өкімдерімен бірқатар тағайындаулар жасалды

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының өкімдерімен бірқатар тағайындаулар жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының өкімдерімен Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды;

Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты: Нұрлан Мәжитұлы Ибдіров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен;

Ирак Қасымұлы Елекеев Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны