01.09.2006, 11:26 2931

Мемлекет басшысының пайымдауынша, парақорлыққа байланысты ұсталған шенеунік мемлекеттік қызметке қайта ешқашан қабылданбауға тиіс

АСТАНА. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысының пайымдауынша, парақорлыққа байланысты ұсталған шенеунік мемлекеттік қызметке қайта ешқашан қабылданбауға тиіс, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мен бұған дейін де үкіметке айтқанмын және парламенттен парақорлыққа байланысты ұсталған шенеунік мемлекеттік қызметке қайта ешқашан қабылданбауға тиістігі жөнінде заңға өзгерістер енгізуді өтінемін",- деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев бүгін парламенттің үшінші сессиясының ашылуына арналған парламент палаталарының бірлескен отырысында.

"Икімшілік реформалар сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған. Сол себепті жалақыны көтеру және мемлекеттік мекемелердің рейтинг жүйесін енгізу секілді барлық шаралар жүзеге асырылғаннан кейін талап күшейтіле түсуге тиіс",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны