13.10.2015, 17:25 4234

Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен Қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысы өтті

Отырыста Қазақстанныӊ Еуразиялық экономикалық одақтағы қазіргі жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ әлемде қалыптасқан геосаяси ахуал талқыланды

Астана. 13 Қазан. Kazakhstan Today - Отырыста Қазақстанныӊ Еуразиялық экономикалық одақтағы қазіргі жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ әлемде қалыптасқан геосаяси ахуал талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алғашқы мәселе бойынша Премьер-Министрдіӊ бірінші орынбасары Б.Сағынтаев сөз сөйледі. Талқылауға Үкімет пен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ мүшелері қатысты. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысы интеграциялық бірлестіктіӊ әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік бермей отырған әлемдік нарықтағы қолайсыз конъюнктура мен өзге де сыртқы жағдайларға қарамастан, ЕАЭО-ныӊ болашағы жарқын екенін айтты.

Мемлекетаралық кооперацияны жолға қойып, экспортты ұлғайту үшін Қазақстан бизнесініӊ алдынан зор мүмкіндіктер ашылып отыр.

Сонымен қатар Қазақстанныӊ әлеуметтік экономикалық дамуына және жалпы ЕАЭО-ныӊ қызметіне теріс ықпалдар әсерін мейлінше азайту жөнінде шаралар қабылдау қажет.

"ЕАЭО - тек экономикалық бірлестік, ол экономика және сыртқы сауда аясында дамуға тиіс" деген Қазақстанныӊ нақты ұстанымы атап өтілді.

Мемлекет басшысы отандық өндірушілерді қорғау мен қолдау, олардыӊ тауарлары мен қызметтерініӊ бәсекеге қабілеттілігін ЕАЭО-ға мүше елдермен қатар өӊірлік ауқымда да арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуге айрықша назар аударды.

Талқылау барысында ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттіӊ кәсіпкерлері үшін теӊ және әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық елдіӊ санитарлық-эпидемиологиялық, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау шараларын сақтау қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар Қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысында күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелер, Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы ахуал талқыланды.

Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер мен тәуекелдердіӊ алдын алу шараларын дер кезінде дайындау мақсатымен әлемде және өӊірде болып жатқан үдерістерді жіті бақылау қажеттігін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Үкіметке бірқатар тапсырма беріп, олардыӊ орындалуын бақылауды Қауіпсіздік кеӊесініӊ аппаратына жүктеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны