11.07.2017, 17:20 3762

Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен Қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысы өтті

Отырыста киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мен терроризмніӊ алдын алу жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен Қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысы өтті,- деп хабарлайды Ақорда.

Отырыста киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мен терроризмніӊ алдын алу жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Қазақстан Президенті қазіргі кезде цифрлық технологияларды енгізудіӊ маӊыздылығына тоқталып, бұл ретте кибер қауіп-қатерге және ақпараттық технологияларды заӊсыз пайдалануға қарсы тұру қажеттігін атап өтті.

- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам өмірі мен мемлекеттіӊ барлық саласында кездеседі. Сондықтан мен "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауда цифрлық технологияларды дамыту мақсатын қойдым. Оныӊ пайдасы зор, бірақ оны енгізумен бірге кибершабуылдар жасау қаупі де туындайды. Сол себептен Қазақстан оған дайын болуға тиіс, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушылар назарын еліміздегі және әлемдегі террористік топтардыӊ деструктивті әрекеттерініӊ салдарларына аударып, оларға қарсы тиімді жұмыстар жүргізуді бір жолға қою қажеттігін айтты.

Соӊында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны