18.07.2016, 18:45 4138

Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен Қауіпсіздік кеӊесініӊ шұғыл отырысы өтті

Отырыс барысында Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтыӊ, Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ төрағасы В.Жұмақановтыӊ, сондай-ақ Қауіпсіздік кеӊесініӊ басқа да мүшелерініӊ Алматы қаласындағы оқиғаларға қатысты баяндамалары тыӊдалды

Астана. 18 шілде. Kazakhstan Today - Отырыс барысында Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтыӊ, Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ төрағасы В.Жұмақановтыӊ, сондай-ақ Қауіпсіздік кеӊесініӊ басқа да мүшелерініӊ Алматы қаласындағы оқиғаларға қатысты баяндамалары тыӊдалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Президенті қаза болғандар мен зардап шеккендердіӊ отбасыларына көӊіл айтты және оларға мемлекеттік органдардыӊ барлық қажетті көмекті көрсетуін тапсырды.

- Бүгін Алматыда, өкінішке қарай, тағы да адам құрбандығына ұшыратқан террорлық акт болды. Зардап шеккендер мен қаза болғандардыӊ жақындарына көӊіл айтамын, оларға тиісті психологиялық және материалдық қолдау көрсету керек. Сондай-ақ құқық қорғау органдарына қаладағы құқық тәртібін қамтамасыз ету тұрғысынан барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырамын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы азаматтарды ақпараттық кеӊістіктегі ықтимал арандатушылықтарға бой алдырмауға шақырды.

- Қазір құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр, қаскүнемдердіӊ кім және қандай мақсат көздегенін анықтауда. Жұрт көп жиналатын орындарды қорғап, жараланғандарға медициналық көмек көрсету жөнінде жедел шаралар қабылдау керек. Қылмыскерлерді анықтау үшін шұғыл түрде толық тергеу жүргізу қажет. Сондай-ақ Алматы тұрғындарына тұрақты түрде мәлімет беріп, жалпы қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету керек. Қауесет таратушылардыӊ аяусыз түрде жолын кесіп, арандатушыларды анықтау маӊызды. Алматыдағы және республикадағы барлық азаматтар тәртіпті ретке келтіру үшін еӊ қатаӊ шаралар қабылданып жатқанына сенімді болуға тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

Отырыс қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министріне оқиға орнына баруды және Алматы қаласыныӊ әкімімен бірлесіп, қаладағы жағдайды тұрақтандыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне азаматтардыӊ барлық сауалдарына жедел жауап беріп, халыққа уақтылы және толық ақпарат беріп отыруды тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны