13.08.2017, 18:38 4211

Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен Қазақстанныӊ құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері жөніндегі кеӊес өтті

Нұрсұлтан Назарбаев "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру аясында заӊныӊ үстемдігін қамтамасыз етудіӊ маӊыздылығына назар аударып, осы бағытта дайындық жұмыстарын сапалы жүргізу қажеттігін айтты.

Астана. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен Қазақстанныӊ құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері жөніндегі кеӊес өтті,- деп хабарлайды Ақорда.

Кеӊеске Президент Икімшілігініӊ Басшысы И.Жақсыбеков, Жоғарғы сот төрағасы Қ.Мәми, Президент Икімшілігі Басшысыныӊ орынбасары Т.Донақов, Бас прокурор Ж.Асанов, Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ төрағасы К.Мәсімов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ төрағасы Қ.Қожамжаров, Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, Иділет министрі М.Бекетаев, Қаржы министрі Б.Сұлтанов қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру аясында заӊныӊ үстемдігін қамтамасыз етудіӊ маӊыздылығына назар аударып, осы бағытта дайындық жұмыстарын сапалы жүргізу қажеттігін айтты.

- Біз бүгін қылмыстық қудалау жүйесін жаӊғыртудыӊ базалық бағыттарын жетілдіру жөніндегі мәселені қарастырып отырмыз. Солардыӊ қатарында, қылмыс процесінде азаматтарды қорғау деӊгейін арттыру, тергеу жүргізу тәртібін оӊтайландыру, қылмыс процесіндегі жарыспалылық, сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын одан әрі күшейту, қылмыстық қудалау, прокуратура және сот органдары арасындағы өкілеттіктердіӊ қайталануын болдырмау және оларды нақты бөлу, - деді Елбасы.

Соӊында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны