05.05.2016, 21:24 3832

Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде кеӊес өтті

Кеӊеске Парламент палаталарыныӊ төрағалары, Премьер-Министр, Президент Икімшілігініӊ Басшысы, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардыӊ басшылары қатысты

Астана. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Кеӊеске Парламент палаталарыныӊ төрағалары, Премьер-Министр, Президент Икімшілігініӊ Басшысы, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардыӊ басшылары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы ел дамуыныӊ негізгі бағыттарына, соныӊ ішінде жер реформасына тоқталып, Үкімет қызметіне баға берді және тиісінше бірқатар шешім қабылдады, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев елде жүргізіліп жатқан Бес институционалдық реформа дағдарысқа қарсы кешенді жоспар болып саналатынын атап өтті.

- Илемде қазір инвестиция тапшылығы орын алып отыр, дамушы нарықтардан капиталдыӊ кетуі байқалуда. Дамушы елдердегі инвестициялар ағыныныӊ қарқыны 20 жылда алғаш рет кері сипатқа ие болуда. Егер 2008-2014 жылдары Қазақстанға келетін тікелей инвестициялар көлемі жыл сайын орта есеппен 24 миллиард долларды құраса, былтыр ол 15 миллиард доллардан аз болды. Елдер арасында сыртқы инвестиция үшін бәсеке күшейіп, мемлекеттер инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасап жатыр, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы елдіӊ ауыл шаруашылығы саласында 2 миллион 300 мыӊ адам жұмыспен қамтылғанын айтты.

- Сөйте тұра бұл салада еӊбек өнімділігі төмен деӊгейде қалып отыр. Отандық фермерлер бір гектар жерден орта есеппен 400 доллардыӊ өнімін алады. Дәл осы көрсеткіш АҚШ-та 1,5 мыӊ долларды, Германияда - 2800, Францияда 3200 долларды құрайды. Ауыл шаруашылығы жаӊа техникаға, жаӊа технологияларға, суғару жүйелеріне инвестиция салуға мұқтаж, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы әлем елдері шетелдік инвестиция тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасап жатқанына назар аударды.

- Илемдік тәжірибеде ауыл шаруашылығына салынған қаражат өзін ақтау үшін 10-15 жыл керек. Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 10 жылға, соныӊ ішінде шетелдіктердіӊ жалға алуы туралы заӊ ұзақ уақыттан бері қолданылып келеді. Алайда бұл салаға әлі айтарлықтай инвестиция келген жоқ. Шетелдіктер 65 мыӊ гектарда ғана жұмыс істеп жатыр, яғни жалға алынған жердіӊ 0,06 пайызы ғана. Бірақ жоғары өнімділікті қамтамасыз етіп отыр. Жерді ұзақ мерзімге жалға беру - бүкіл дүние жүзі бойынша инвестиция тартудыӊ амалы. Бельгия, Германия, Грекия, Нидерланд сияқты елдер шетелдік инвесторлардыӊ жерді меншікке немесе жалға алуы мәселесіне қандай да бір шектеу қоймайды. Францияда шетелдік инвесторлар үшін жер ресурстарын жалға алудыӊ еӊ ұзақ мерзімі 99 жылды құрайды. Жер кодексі нормаларын әзірлеу барысында бұл тәжірибелер ескерілді. Бірақ жерді шетел азаматтарына сату мәселесі болған емес, қазір де жоқ, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жаӊа нормалардыӊ мәні тиісті топтарға жеткізілмегенін атап өтті.

- Қабылданған заӊныӊ тетіктері мен нормалары жұртшылықты кеӊінен қатыстыру арқылы талқыланбады. Сондықтан көп жағдайда халықтыӊ алаӊдауы дұрыс. Егер қазақстандықтар қабылданған шешімге сенбейтін болса, демек бұл дұрыс емес деген сөз. Өйткені, бұл өзгерістер халық үшін жасалып жатыр. Қоғамда жерді жалға алу жөніндегі бірқатар заӊнамалық нормаларға қатысты күмән туғанын ескеру маӊызды, - деді Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты Қазақстан Президенті Жер кодексініӊ қоғамдық резонанс тудырған бірқатар нормаларына 2017 жылға дейін тоқтау салды.

- Бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыру керек. Егер талқылаудан кейін Парламент ортақ шешімге келетін болса, мораторий алып тасталады, ал егер олай болмаса, күшінде қалады. Біз халыққа ұнамайтын заӊға зәру емеспіз. Бұл ретте мораторий сақталған жағдайда ауыл шаруашылығыныӊ жағдайы нашарлауы мүмкіндігін түсіндіру қажет. Сондай-ақ Үкімет жанынан Премьер-министрдіӊ бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтыӊ басшылығымен комиссия құруды тапсырамын. Комиссия барлық мүдделі органдарды және қоғамдық бірлестіктерді тартуы тиіс. Резонанс тудырған ережені кеӊінен талқылап, ортақ ұстаным әзірлеп, Парламентке беру керек. "Нұр Отан" партиясына демократиялық күштер коалициясы аясында кеӊ ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын. Бұған барлық партиялар, қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдары қатысуы тиіс. Түсіндіру жұмыстарына Үкімет пен Парламенттіӊ қос палатасыныӊ депутаттары белсене қатысады деп үміттенемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанда 8 мыӊнан астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны, 178 мыӊнан астам шаруа және фермерлік қожалықтар, 1,5 миллионнан астам жеке қосалқы шаруашылық бар екеніне тоқталды.

- Олар күн ұзаққа алқапта, фермада, жайлауда еӊбек етеді, сіздердіӊ жаӊалықтарыӊызды күтіп, теледидар алдында отырмайды. Бірақ сіздер өз ұсыныстарыӊызды әзірлеу барысында министрліктен шықпай отырып, бәрін өз араларыӊызда шешесіздер. Кімнен жасырынасыздар? Сонда біздіӊ заӊдарымыз кім үшін жазылған? Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ де, Ұлттық экономика министрлігініӊ де, әкімдіктердіӊ бір де бірініӊ де ресми сайтында жер реформасы жөнінде қолжетімді және көрнекі ақпарат болған жоқ. Ал бұл дегеніӊ халықтыӊ игілігі үшін, экономиканы дамытып, азаматтардыӊ әл-ауқатын арттыру үшін жүргізіліп жатыр ғой, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексі жөніндегі жұмысқа жауапты екі мемлекеттік органныӊ, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігініӊ өз міндетін тиісінше атқара алмағанына назар аударды.

- Бұл министрліктердіӊ жұмысы нашар дей алмаймын. Бірақ өздерініӊ ұстанымы елдіӊ бәріне ұғынықты болып, дұрыс қабылдануы үшін түсіндіру жұмыстарымен айналысқан жоқ.

Қазақстан Президенті Ұлттық экономика министрі Е.Досаевтыӊ қызметінде жіберілген кемшіліктерге байланысты отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады. Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбековтіӊ қызметіне толықтай сәйкестігі толық деӊгейде емес екенін жария етті. Ұлттық экономика вице-министрі Қ.Өскенбаевты қызметінен босатуды, Ұлттық экономика министрлігініӊ салалық комитетініӊ басшы қызметкерлері мен басқа да жауапты тұлғалардыӊ қызметіне сәйкестігі туралы мәселені қарауды тапсырды. Сондай-ақ, Үкіметке жер қатынастарын реттеу бағытындағы салалық функцияларды Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру жөнінде тапсырылды.

Мемлекет басшысы ақпараттық саясат мәселесін де қозғады.

- Бүгінде бұл функциялар профильді емес министрліктіӊ құзырында. Үкіметте бұл саланы ешкім үйлестірмейді, мемлекеттіӊ ақпараттық саясатқа бөлетін қаражатын ешкім бақыламайды. Сондықтан қазіргі ақпараттық сын-қатерлерді еӊсеру үшін, Бес институционалдық реформаныӊ барысын тиімді қолдау үшін өкілетті орган - Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырамын, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл ведомствоға мынадай маӊызды міндеттерді жүктеуді ұсынды. Атап айтқанда, мейлінше өткір мәселелерді жедел анықтау және әрекет ету мақсатымен кез келген меншік формасыныӊ, соныӊ ішінде интернет ресурстар мен әлеуметтік желілердіӊ ақпараттық кеӊістігін мониторингтеу; барынша өзекті тақырыптар мен мәселелер бойынша қоғамдық пікірді зерттеу, халықтыӊ ақпараттық сауалдары мен тілек-қалауын талдау және болжау; мемлекеттік ақпарат саясатын әзірлеу; барлық мемлекеттік органныӊ ақпараттық қызметі мен белсенділігін үйлестіру және бақылау; мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды жоспарлау және мемлекет бөлген қаражаттыӊ тиімділігін талдау; Отандық БАҚ-ты экономиканыӊ қазіргі заманғы сегменті ретінде дамыту үшін инвестиция және инновация тарту; Электронды және баспасөз кеӊістігіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін отандық ақпараттық өнімдердіӊ сапарын арттыру; дағдарыстық коммуникациялардыӊ барынша пәрменді моделін құру; Халықпен, соныӊ ішінде Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл арналарын қамтамасыз ету.

Бұл ретте жаӊа органды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, қаражат бөлу және оған барлық міндетті жүзеге асыру үшін айрықша өкілеттік беру тапсырылды.

Қазақстан Президенті ел дамуыныӊ өзге де негізгі мәселелеріне тоқталды.

- Міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге қатысты жұрттыӊ күмән-күдігі бар екенін білемін. Сондықтан Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бұл мәселе бойынша іс-әрекеттіӊ жол картасын әзірлеуі тиіс. Бұл реформа барлық қазақстандықтарға қатысты, сондықтан оған ықылас жоғары болады. Білім және ғылым министрлігініӊ орта мектептердегі оқу жылын ұзарту, үш тілде білім беруге көшу мерзімі туралы мәлімдемелеріне қатысты да жұрттыӊ сұрақтары бар екенін білемін. Үкімет бұл ретте дәстүрлі тамыз мәслихаттарын пайдалана отырып, қоғамдық пікірге мұқият зерттеу жүргізуі керек. Туындап отырған мәселелерді талқылау және шешу үшін осы мәселелердіӊ барлығына жаӊа диалог тетіктерін - Қоғамдық кеӊестерді белсенді түрде қатыстыру керек. Олар мемлекеттік органдардыӊ шылауында қалмауы керек, оларда өткен пікірталастар БАҚ пен жұртшылық үшін ашық болуға тиіс. Ирбір министр мен әкімге реформалардыӊ барлық бағыты бойынша қоғамдағы көзқарасты өз құзыреті шеӊберінде мұқият талдаудан өткізуді тапсырамын, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттіӊ бастамаларыныӊ мұқият түсіндірілуі маӊызды екенін айтты.

- Біз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыныӊ стандарттарына қарай жылжып, әлемдегі дамыған 30 мемлекеттіӊ қатарына ұмтылып отырғанымызды айтып жатырмыз. Бұл елдерде тағы бір еӊ басты стандарт бар, ол - Үкіметтіӊ және оныӊ мүшелерініӊ қоғам үшін күнделікті ашықтығы. Онда министрлер барлық туындаған мәселелерге қатысты әрдайым шұғыл пікір білдіріп отырады. Ал бізде ше? Ақпараттық жұмыс тек журналистер алдына брифингке шығып, қағазда жазылғанды оқып беруден ғана тұрмайды. Біздіӊ министрлер тіпті брифингтерде де журналистерден қашқақтап, қарапайым сауалдарға жауап бермейді. Қазіргі кезде біз министрліктерді қандайда бір саладағы саясатты айқындайтын органдарға айналдырдық. Саясаткер жұртпен тілдесуге, өз ұстанымын түсіндіруге, қоғамныӊ сеніміне ие болуға тиіс. Халықпен, еӊ алдымен жаӊа заӊдарды қолданатын жұртпен кездесу керек, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы тек бірінші тоқсанныӊ өзінде қазақстандықтар "Электрондық Үкімет" порталы арқылы 1 млн 200 мыӊнан астам мемлекеттік қызметтерге қол жеткізгенін атап өтті.

- "Электрондық Үкімет" бірыӊғай байланыс орталығына күн сайын 700 қызмет түріне қатысты 20 мыӊнан астам сұрақ түседі. Бұл ресурс неге іске қосылмаған? Онлайн режімінде бірде-бір түсіндірме немесе кеӊес болған жоқ. Халық сауал қоя бастаған кезде ғана "ояндыӊдар". Жұртқа барлық нормаларды, оларды қалай қолдануды, кімге жүгінуді түсіндіру үшін Үкімет жанынан бірыӊғай колл-орталық - "қызу желі" құруды тапсырамын. Бірде-бір сұраққа біліктілікпен жауап берілмей қалмауы үшін жауапты адамдарды да бекітіӊдер. Бұл өӊірлерге де қатысты, олардыӊ әрқайсысында осындай кеӊес беру орталықтары жұмыс істейтін болсын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Қазақстан Президенті әлемдік дағдарыс біздіӊ елдіӊ дамуына да әсерін тигізгеніне назар аударды.

- Одан зардап шегіп, жұмысынан немесе табысыныӊ біраз бөлігінен айрылған көптеген адамдардыӊ бар екенін білеміз. Мұндай жандар кез келген қоғамда бар. Барлық қазақстандықтарға қырағы болу қажеттігін, тұрақтылығымыз бен бір-бірімізге деген сый-құрметімізге сызат түсуіне жол бермеу керектігін ескерткім келеді. Өз тарапымнан айтарым, біз ешкімніӊ ортақ шаӊырағымыздағы татулық пен тұрақтылықты бұзу үшін дағдарысты пайдалануына жол бермейміз. Құқықтық тәртіпті бұзған әрбір адам заӊныӊ қатаӊ талабына сай жауап береді. Қоғамдағы тыныштықты нығайту - әрбір азаматтыӊ, барлық қоғамдық ұйымныӊ, барша қазақстандықтардыӊ ісі, - деді Мемлекет басшысы.

Шара барысында елдіӊ бірінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ алдын ала қорытындылары жөнінде Премьер-Министр К.Мәсімов сөз сөйледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны