14.06.2016, 15:07 4930

Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен Жаӊғырту жөніндегі ұлттық комиссияныӊ осы кезеӊге дейінгі жұмысыныӊ қорытындыларына арналған кеӊес өтті

Жаӊа заӊнамалық актілер қабылдау нәтижесінде бірқатар кемшіліктер мен олқылықтар анықталып жатыр. Соныӊ айқын мысалы - жер мәселесіне қатысты заӊ. Сондықтан жүйелі талдау және қабылданып жатқан шараларды жан-жақты талқылау негізінде қателіктермен ұдайы жұмыс жүргізіп отыру қажет. Біз саясатымызды жетілдіру жөнінде алдын ала жүйелі қадамдар жасауға тиіспіз, - деді Мемлекет басшысы.

Астана. 14 маусым. Kazakhstan Today - Кеӊеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Икімшілігініӊ Басшысы Н.Нығматулин, Премьер-Министрдіӊ орынбасары Д.Назарбаева, Президент Икімшілігі басшысыныӊ орынбасары Б.Майлыбаев, Президент Икімшілігі басшысыныӊ орынбасары М.Бекетаев, Жоғары Сот Кеӊесініӊ төрағасы А.Смолин, Президентттіӊ көмекшісі И.Смайылов, Мемлекеттік қызмет істері министрі Т.Донақов, Инвестиция және даму министрі И.Исекешев, Ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаев, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, Астана қаласыныӊ әкімі И.Жақсыбеков қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кеӊес барысында кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру, заӊныӊ үстемдігін және елдіӊ экономикалық өсімін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы өткен кезеӊде атқарылған жұмыс реформаларды тікелей жүзеге асыру үшін қолайлы ахуал қалыптастырғанын атап өтті.

- Біз жариялаған бес институционалдық реформа - жаӊа экономикалық жағдайдағы кешенді даму жоспары. Ұлт жоспарын сапалы жүзеге асыру - біздіӊ еӊ басты міндетіміз. Осы кезеӊ ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Үкімет қажетті заӊдар, тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылдады, мемлекеттік қызметтіӊ меритократия қағидаттарына негізделген мансаптық моделі енгізілді, сот төрелігініӊ үшбуынды жүйесіне көшу іске асырылды, Жоғарғы сот жанындағы Халықаралық кеӊес жұмысына кірісті, судьяларға қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді. Бұдан бөлек, салық және кеден саясатын жетілдіру жөніндегі жұмыс жүргізілуде, ауқымды жекешелендіру ісі басталды, елді индустрияландырудыӊ екінші кезеӊі жүріп жатыр, әлеуметтік саясат жетілдірілуде, мемлекеттіӊ есептілігі арттырылуда. Жалпы, бүгінде жүз қадамныӊ 23-і толық орындалды, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі сәтте жұртышылықпен сауатты жұмыс жүргізу ісін жолға қоюға ерекше көӊіл бөлген жөн екенін айтты.

- Жаӊа заӊнамалық актілер қабылдау нәтижесінде бірқатар кемшіліктер мен олқылықтар анықталып жатыр. Соныӊ айқын мысалы - жер мәселесіне қатысты заӊ. Сондықтан жүйелі талдау және қабылданып жатқан шараларды жан-жақты талқылау негізінде қателіктермен ұдайы жұмыс жүргізіп отыру қажет. Біз саясатымызды жетілдіру жөнінде алдын ала жүйелі қадамдар жасауға тиіспіз, - деді Мемлекет басшысы.

Жиын барысында жұмыс топтарыныӊ мүшелері Ұлттық комиссияныӊ қазіргі қызметі туралы баяндама жасады.

Кеӊес қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті экономикалық өсімді ынталандыру үшін Үкіметке 2016 жылдыӊ екінші жартысында қосымша 240 млрд теӊге бөлуді тапсырды. Мемлекеттік бюджеттен қаражатты үнемдеу есебінен бөлінетін ресурстар шағын және орта бизнесті қолдауға, жеке тұрғын үй құрылысы бағдарламасын несиелеу мен жүзеге асыру ісіне жұмсалады. Бұдан бөлек, қаржы бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, соныӊ ішінде ауылдық елді мекендердегі тұрмыс сапасын жақсартуға, Құрық портындағы паром өткелін аяқтауға және елорда әуежайын жаӊғыртуға бөлінеді. Бұл шаралар құрылыс саласында 20 мыӊ жаӊа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп, экономикалық өсім қарқынын жеделдетуге септігін тигізеді. Қабылданып жатқан шаралардыӊ тиімділігі 2016 жылға жоспарланған экономикалық өсім деӊгейіне қосымша 0,4 % болады деп болжануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны