14.07.2015, 19:17 3711

Мемлекет басшысыныӊ туған күніне және Астана күніне байланысты келіп түскен құттықтаулар авторларына арнаған сөзі

Соӊғы уақытта меніӊ атыма Астана күніне және мерейтойыма байланысты көптеген хаттар мен жеделхаттар келіп түсті

Қадірлі қауым!

Астана. 14 Шілде. Kazakhstan Today - Соӊғы уақытта меніӊ атыма Астана күніне және мерейтойыма байланысты көптеген хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Құттықтаушылар қатарында мемлекеттердіӊ, халықаралық ұйымдар мен компаниялардыӊ басшылары, қоғам өкілдері және ел азаматтары бар, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Жылы лебізді тілектер әлемніӊ түкпір-түкпірінен және еліміздіӊ барлық өӊірінен келді.

Исіресе, мені толқытқаны - жасөспірім мектеп оқушылары өз өлеӊдерін, суреттерін, құттықтауларын жолдап жатты. Бұл адамныӊ жүрегін тебірентеді.

Биыл 17 жасқа толған Елорда - ел тағдырымен еншілес меніӊ өмірімніӊ мәнді бөлшегі.

Астана күнімен қабат келген мерейтойыма арналған еӊ қымбат сыйлық - Қазақстанныӊ жеткен жетістіктері.

Өмірін мемлекеттіӊ мерейлі, халқымныӊ бақытты болуына арнаған мен үшін көптіӊ шынайы ықыласынан артық ештеӊе жоқ.

Осындай қолдау, әрине, жігерлендіреді, халыққа қызмет етуге, белгіленген бағдарламаларды орындауға күш береді.

Жылы лебізді құттықтаулар үшін баршаӊызға шын жүректен зор ризашылық білдіремін!

Ирқайсыӊызға жеке-жеке ризашылығымды білдіруге де болар еді, бірақ ол мүмкін емес. Сондықтан меніӊ осы айтқан сөздерімді әрқайсыӊызға ризашылығым мен рахметім деп білерсіздер.

Өз тарапымнан баршаӊызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны