18.06.2009, 09:28 1323

Мемлекет басшысының жарлығымен Даниал Ахметов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының жарлығымен Даниал Ахметов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі қызметінен босатылды

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін"- Мемлекет басшысының жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - штаб бастықтары комитетінің төрағасы Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевқа Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің міндетін уақытша атқару жүктелді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімімен Олег Анатольевич Федоров Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны