15.10.2007, 18:47 2904

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі құрылды

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі құрылды. "Агенттікке бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілді",- делінген хабарламада.

Астана. 15-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды, оған сәйкес Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі құрылды, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Агенттікке бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілді",- делінген хабарламада.

Президент Бәсекелестікті қорғау агенттігін құру жөнінде үстіміздегі жылдың 11 қазанында өткен үкіметтің отырысында тапсырма берген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны