23.05.2008, 10:22 1463

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар мемлекеттердегі елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар мемлекеттердегі елшілері тағайындалды

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар мемлекеттердегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Ибілдаев Ерлан Иділханұлы Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды;

Ахметов Ибутәліп Ібіжанұлы Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды;

Тәшібаев Мұрат Сейітжанұлы Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қарашев Анарбек Бақтығазыұлы Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Имірліктеріндегі төтенше және өкілетті Елшісі Мусинов Асқар Ахметұлы Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі Омаров Қайрат Ермекұлы Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны