09.07.2009, 18:18 2765

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Швейцариядағы және Грек Республикасындағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Швейцариядағы және Грек Республикасындағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды

Астана. 9 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысының жарлықтарымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі, Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі міндетін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметтерінен босатылды;

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Алмас Насреддинұлы Хамзаев Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны