30.01.2017, 22:37 4468

Мемлекет басшысыныӊ жыл сайынғы Қазақстан халқына биылғы Жолдауы Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы тақырыбына арналмақ

Ертеӊ, қаӊтардыӊ отыз бірінде меніӊ халыққа Жолдауым бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, деді Президент.

Астана. 30 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады, -деп хабарлайды Ақорда. Нұрсұлтан Назарбаев өз мәлімдемесінде былай деді:

"Құрметті қазақстандықтар!

Қасиетті Отанымыз Тәуелсіздіктіӊ үшінші мүшеліне аяқ басты.

Қазақстан қысқа мерзім ішінде кемелденіп, қуаты толысқан сақа мемлекетке айналды.

Ширек ғасырда біз елімізді түбегейлі өзгерткен екі жаӊғыруды іске асырдық.

Алдымен, нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаӊа сипатты мемлекет құрдық.

Екіншіден, "Қазақстан-2030" стратегиясын жүзеге асырып, асқақ Астанамызды салдық.

Ал, қазір кезекті маӊызды белестіӊ алдында тұрмыз.

Ертеӊ, қаӊтардыӊ отыз бірінде меніӊ халыққа Жолдауым бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Мен биылғы Жолдауымда ел дамуына тыӊ қарқын беретін жаӊа бағдарды ұсынбақпын.

Бас тақырып - Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы.

Ол еліміздіӊ экономикалық дамуыныӊ инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік қабілетін арттыра түсуі тиіс.

Біз сандық технологияларға негізделген болашағы зор бағыттарға айрықша мән беретін боламыз.

Ал, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және баспанамен қамтамасыз ету сияқты маӊызды салалар қашанда басты назарда қала бермек".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны