28.01.2020, 12:06 5741

Мемлекет басшысы "Aldar Properties" компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Әл Мүбәракпен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда басымдыққа ие он туристік бағыттың анықталғанын атап өтіп, оларды әлемдік деңгейдегі барлық қажетті туристік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты.

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті "Aldar Properties" компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Әл Мүбәракпен кездесті.

Мемлекет басшысы "Aldar Properties" компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Әл Мүбәракпен кездесу өткізді.

Мұхаммед Әл Мүбәрак Қасым-Жомарт Тоқаевқа аталған компанияның іске асырып жатқан "Abu Dhabi Plaza" жобасының қазіргі жағдайы, Нұр-Сұлтан қаласындағы көпфункционалды кешеннің құрылысын белгіленген уақытта аяқтау үшін атқарылып жатқан қосымша жұмыстар туралы баяндады.

Қазақстан Президенті еліміздегі ең ірі құрылыс нысандарының бірі саналатын жобаның уақытылы аяқталып, халық игілігіне берілетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында туризм индустриясындағы ынтымақтастықтың әлеуетіне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда басымдыққа ие он туристік бағыттың анықталғанын атап өтіп, оларды әлемдік деңгейдегі барлық қажетті туристік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты. Оның айтуынша, аталған салаға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары, оның ішінде, салықтық жеңілдіктер, базалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны