Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады
Алматы. 27 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.
Президентке санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндалды.
Асқар Мамин Президентке еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың бақылауда екенін жеткізді. Сондай-ақ коронавирус індетінің жаңа толқынына дайындық жұмыстары аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда медициналық ұйымдар мен халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, емдеу нысандарына жасанды тыныс беру аппараттары мен оттегі концентраттарын жеткізу, аймақтарды жылжымалы диагностикалық кешендермен, цифрлық рентген-аппараттармен, мобильді топтармен және жедел медициналық көмек көрсету көліктерімен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 13 аймақтың 10-ында модульдік жұқпалы ауруханалардың құрылысы аяқталған, қалған 3 нысан осы жылдың қараша айының соңына дейін пайдалануға беріледі.
Мемлекет басшысына республикалық және аймақтық тұрақтандыру қорларының құрылғаны және денсаулық сақтау жүйесіне арналған 91 түрлі дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныш құралдарының екі айлық қоры жасақталғаны туралы айтылды. Дәрі-дәрмектердің тапшылығын болдырмау үшін дәріханалардың бөлшек сауда жүйесінде сұранысқа ие 33-тен астам препарат қоры қосымша жасақталуда.
Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ПТР тест сынамаларын алу көлемін арттыру жұмыстары туралы да мәлімет берді. Оның айтуынша, зертханалар саны 124-ке дейін көбейіп, тестілеу қуаты тәулігіне 66 мыңға дейін жетті. Бұл ретте, тұрғындарды тест сынамаларымен қамту 2,5 есе ұлғайтылып, ПТР тест сынамаларын алу құны төмендетілді.
Бұдан бөлек, Асқар Мамин Президентке шекаралық өткізу бекеттерінде, сондай-ақ, көліктің барлық түрлері мен инфрақұрылымдарында санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың күшейтілгені туралы баяндады. Сонымен қатар өңірлердегі бизнес субъектілерінің жұмысы біртіндеп қайта қалпына келтірілуде. Осы ретте, аймақта вирус жұқтыру өсімінің тіркелмеуі, тұрақты эпидемиологиялық ахуалдың "жасыл" деңгейде болуы ескеріледі.
Премьер-министр Мемлекет басшысына кәсіпкерлерді қолдау, шетелден инвестиция тарту, жұмыспен қамту ісін дамыту және елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өркендетудің басқа да өзекті мәселелері жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндады.
Президент коронавирус пандемиясының алдағы айлардағы таралуына қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пессимистік болжамдарын ескеріп, Үкімет белгілеген жоспардың мүлтіксіз орындалуының маңызды екенін атап өтті. Карантинді күшейту жөніндегі қатаң шараларды кәсіпкерлердің мүдделерін және жалпы еліміздің экономикалық дамуын ескере отырып қабылдаған жөн.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес
Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес, деп хабарайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Абай және Қостанай облыстарында болған ірі табиғи өрттердің салдары әлі де есімізде. Әрбір қызметкерді өртке қарсы арнайы киіммен, рациялармен және қажетті құрал-жабдықтармен міндетті түрде қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді", - деді Қанат Бозымбаев.
Облыс әкімдері өңірлік іс-шаралар жоспарларын іске асыруға тікелей жауапты", - деді Қанат Бозымбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 18 651 адам өз үйлеріне оралды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуді жеделдету тапсырылды
Президент су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың барлығына барынша көмек көрсетуді басты міндет етіп қойды. Су тартылған өңірлерде әкімдіктер зардап шеккен азаматтардың, жоғалған немесе бүлінген мүліктердің тізімін жасау және бағалау жұмыстарын аяқтап, шығындарды өтеуге кірісуі керек. Бұл ретте, тізімге үйлері сау, ешқандай зардап шекпеген адамдар кіріп кетпеуге тиіс. Комиссиялардың жұмысын ешқандай бюрократияға салмай, жедел ұйымдастыру қажет. Барлық тиісті қызметтер жұмылып, күшейтілген режимде жұмыс істесін", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ұлттық Ғылым академиясының құқықтық мәртебесі Қазақстанда заң жүзінде бекітіледі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған цифрлық құралдар әзірленді
Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстанды IT-елге айналдыру үшін стратегиялық маңызды міндет қойды. Дұрыс басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін сапалы жедел ақпаратқа қол жеткізіп, жаңа технологияларды қолдану керек. Ұсынылып отырған тәсілдерді экономиканың басқа салалары бойынша кеңейту қажет. Барлық құралдар мен мәліметтер қолжетімді. Деректер алмасуды және жүйелерді интеграциялауды дұрыс жолға қою керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президентке азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық есеп берілді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
18.04.2024, 11:53Су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 18 651 адам өз үйлеріне оралды 18.04.2024, 12:51 21056"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес18.04.2024, 16:22 16066Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді18.04.2024, 22:15 9386Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады18.04.2024, 11:47 8571ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
12.04.2024, 13:37 86206Алматыда арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі12.04.2024, 16:41 85246Үкімет Арқалықта су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алу үшін қаражат бөлді12.04.2024, 15:45 84466Әскери билеттер цифрлық форматқа ауыстырылды17.04.2024, 15:20 43431Президентке азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық есеп берілді17.04.2024, 15:25 42981Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған цифрлық құралдар әзірленді
20.03.2024, 21:43 133211Президент Алматыға жұмыс сапарымен келді04.04.2024, 16:35 120651Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды20.03.2024, 12:12 120631ҚМА қаржы пирамидаларын анықтау жөніндегі арнайы жобаны іске қосты04.04.2024, 16:30 120436Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады20.03.2024, 12:19 120186Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 24-25 сәуірде Астанада өтеді