Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
Алматы. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
Құрметті отандастар!
ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы - халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады.
1993 жылы "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң қабылданды.
1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді.
Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға "үлкен террордың" орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды.
100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды.
Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сияқты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқа да ұлт зиялылары бар.
Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері ("АЛЖИР") сол жылдардағы қатыгездік пен жауыздықтың қара таңбасындай болды. Мұнда саяси тұтқындардың жақын туыстары, әйелдері мен балалары қамалды.
Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Бұл зобалаңның қасіретін үш миллионға жуық адам тартты.
Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды.
Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық.
Бүгінде республика өңірлерінде "Қазақ халқына - мың алғыс" монументтері орнатылған. Бұл - қазақ жұртының ақ пейілі мен даналығына деген шексіз ризашылықтың белгісі.
Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырдым.
Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады.
Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету - баршамыздың перзенттік борышымыз.
.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Үкімет Мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға кірісті
Біз Президенттің ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Әрбір министрге және әкімге, ұлттық компаниялардың басшылығына жұмысты күнделікті бақылауға алуды тапсырамын. Тұрғындар нақты өзгерістерді көруі қажет. Толық қайтарыммен жұмыс істеу және жоғары нәтиже тиімділіктің көрсеткіші болмақ", - деді Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ұлыбританиядан Қазақстан тарихына қатысты құнды қолжазбалар мен құжаттар табылды
1893-1894 жылдардағы Орта Азияға сапар туралы есеп" еңбектерінде қолданған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Голан жоталарында қазақстандық бітімгерлер қызметке кірісті
Біздің бөлімше миссия қолбасшысының резерві болып табылады. Ол құраманы түрлі міндеттерді, оның ішінде дағдарыс сәттерін орындау үшін жұмылдыра алады", - деді ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің аға офицері подполковник Ілияс Мұстафин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бектенов ЕАДБ басшысымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады
Банктің басым бағыты ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру болуға тиіс. Біз өзара тиімді негізде банкпен ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз", - деді Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Храпунов шығарған жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігі Алматыға қайтарылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қызылорда облысының прокурорлары екі айда 40 млн. тг. алимент өндірді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
АИТВ, қант диабеті және басқа да әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастар тегін емделеді - Денсаулық сақтау министрлігі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда жеті жасар Каринаны өлтірген өгей ана сотталды
Сот қылмыстық істі қарап, Балжан Тұрлыбекті кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болды", - деді сот отырысында төрағалық етуші Ерлан Болатов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
18.03.2024, 12:08Алматыда жеті жасар Каринаны өлтірген өгей ана сотталды 18.03.2024, 15:53 17876АИТВ, қант диабеті және басқа да әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастар тегін емделеді - Денсаулық сақтау министрлігі18.03.2024, 16:16 17561Қызылорда облысының прокурорлары екі айда 40 млн. тг. алимент өндірді18.03.2024, 16:21 16401Храпунов шығарған жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігі Алматыға қайтарылды18.03.2024, 16:40 16061Бектенов ЕАДБ басшысымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады
14.03.2024, 22:03 94786Астана қаласында су тасқынына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде14.03.2024, 22:00 94506Самұрық-Қазына президентке есеп берді14.03.2024, 21:57 91406Цифрлық даму министрлігі Қаржы мониторингі агенттігімен кездесу өткізді16.03.2024, 15:08 59841Семей қаласыда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды14.03.2024, 21:54 59371Түркістан облысындағы су құрылыстарын реконструкциялау қарқынды жүргізілуде
06.03.2024, 20:30 119231Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында ШҚО-да мұзды ұсату жұмыстары жүргізілуде06.03.2024, 20:19 110011Үрімшіде Қазақстан мен Қытайдың туристік әлеуетін ілгерілету және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында туристік форум өтті07.03.2024, 15:56 105401Қазақстан мен Сауд Арабиясы бірге жел электр станциясын салады06.03.2024, 20:08 104951Көлік министрлігі халықаралық жүк автотасымалдау нарығын алыпсатарлардан тазартуға ниетті07.03.2024, 13:23 104731Қазақстан тұтыну несиелерінің мөлшерлемесін төмендетуді жоспарлап отыр