12.07.2026, 19:49 20626

Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айту жеделхатын жолдады

1995 жылдан 2013 жылға дейін Катарды басқарған бұрынғы Әмір Хамад бен Халифа Әл Тәни 75 жасында өмірден өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қатар Мемлекетінің бұрынғы Әмірі, Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің және оның әулетінің, сондай-ақ отандастарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты.

"Шейх Хамад бен Халифа Әл Тәни - Қатардың өсіп-өркендеуіне және халқының баянды болашағын қамтамасыз етуге тарихи үлес қосқан, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға риясыз қызмет еткен біртуар қайраткер. Қазақстандықтар әкеңіз шейх Хамад бен Халифаны парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады", - делінген жеделхатта.


Естеріңізге сала кетсек, 1995 жылдан 2013 жылға дейін Катарды басқарған бұрынғы Әмір Хамад бен Халифа Әл Тәни 75 жасында өмірден өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны