27.10.2020, 21:18 8568

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовке халықтың әл-ауқатын арттыру, экологиялық мәселелерді шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Алматы. 27 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 ай ішіндегі Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

Президентке Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашу, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету және инвестиция тарту мәселелері туралы баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовке халықтың әл-ауқатын арттыру, экологиялық мәселелерді шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны