13.12.2019, 16:35 35142

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Рымбаеваны "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алуымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Алматы. 13 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны қабылдады.

Кездесу барысында ел мәдениетін дамыту мәселесі талқыланды.

Роза Рымбаева Қазақстан Президентіне өзінің шығармашылық қызметінің 45 жылдығына орай еліміздің барлық аймағында жеке концертін ұйымдастыру жайындағы жоспарын айтты. Сонымен қатар әнші талантты жас музыканттарды қолдауға бағытталған мәдени орталық ашу туралы ойымен бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Рымбаеваны "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алуымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны