16.11.2020, 22:14 9081

Мемлекет басшысы Молдова Республикасының жаңадан сайланған Президенті Майя Сандуды құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өз атынан Молдова Республикасының жаңадан сайланған Президенті Майя Сандуды құттықтап, жеделхат жолдады.

Алматы. 16 қараша. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Молдова Республикасының жаңадан сайланған Президенті Майя Сандуды құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өз атынан Молдова Республикасының жаңадан сайланған Президенті Майя Сандуды құттықтап, жеделхат жолдады.

"Сайлаудағы сенімді жеңісіңіз Сіздің демократиялық, тұрақты және экономикалық тұрғыдан өркендеген мемлекет құру бағытыңыз халықтан қолдау тапқанын көрсетеді. Біз күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, дәстүрлі достық пен өзара табысты ынтымақтастыққа құрылған қазақ-молдова қатынастарын нығайта түсеміз деп үміттенемін", - делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Сандуға Молдова Республикасының өсіп-өркендеу жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны