20.05.2025, 18:47 83991

Мемлекет басшысы Румыния Президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Румыния Президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

- Бұл жеңісіңіз - халқыңыздың Сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор, - делінген жеделхатта.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны