12.12.2019, 15:28 24595

Мемлекет басшысының Жарлығымен ішкі істер органдарының 32 қызметкеріне мемлекеттік награда тапсырылды

Анықтама: Қазақстанның тәуелсіздігі жылдары қызметтік борышын адал орындағаны, ерлігі мен батылдығы үшін 1340 ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан қызметшілеріне мемлекеттік награда берілсе, оның ішінде 131 қаза тапқаннан кейін наградталды.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының Жарлығымен ішкі істер органдарының 32 қызметкеріне мемлекеттік награда тапсырылды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы ішкі істер органдарының 32 қызметкерін мемлекеттік наградамен марапаттау жөнінде Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімімен 8 полиция қызметкерінің еңбегі лайықты бағаланды.

Ішкі істер министрлігінде марапаттау рәсімі өтті.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі орындағаны және заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерік-жігері үшін Ішкі істер министрі Тәуелсіздік мерекесі күніне орай 540 ІІМ қызметкері мен әскери қызметшілерін лайықты марапаттады.

Мерекелік салтанатты жиында министр Ерлан Тұрғымбаев Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың Қазақстанның Тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен біздің еліміз әлемдегі тұрақты және беделді мемлекетке айналғаны жайлы айтқан сөзін атап өтті.

Сонымен бірге, министр елдегі құқықтық тәртіптің деңгейі полицияның жұмыс сапасымен тығыз байланысты екенін, біздің әрқайсымыздың күш-жігеріміз қылмысқа және кез келген заң бұзушылықтарға батыл қарсы тұруға бағытталуы тиістігін, халық пен полиция арасында берік қарым-қатынас қалыптастыру, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру маңызды міндет болып табылатынын тағы бір мәрте еске салды.

"Ішкі істер органдарының жеке құрамы алдағы уақытта да құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, өздерінің қызметтік міндеттерін үлгілі және қажырлы атқара береді деп сенемін", - атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Қазақстан Тәуелсіздігі күні қарсаңында министр ардагерлерге ерекше алғыс білдірді. Ол сондай-ақ бүгін, қоғам және мемлекет тарапынан полицияға жоғары талаптар қойылған жағдайда олардың өмірлік және практикалық тәжірибелері теңдеусіз бағалы болады деді.

Іс-шараның салтанатты бөлігі аяқталған соң қызметкерлер, ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері, сондай-ақ шақырылған қонақтар үшін мерекелік концерт болды.

Анықтама: Қазақстанның тәуелсіздігі жылдары қызметтік борышын адал орындағаны, ерлігі мен батылдығы үшін 1340 ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан қызметшілеріне мемлекеттік награда берілсе, оның ішінде 131 қаза тапқаннан кейін наградталды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны