01.09.2009, 11:59 1539

Мемлекет экономикалық құлдыраудың кері ағымына тоқтау салып, қаржы жүйесін жалпы тұрақтандыруға қол жеткізе алды - Назарбаев

Мемлекет экономикалық құлдыраудың кері ағымына тоқтау салып, қаржы жүйесін жалпы тұрақтандыруға қол жеткізе алды - Назарбаев

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет экономикалық құлдыраудың кері ағымына тоқтау салып, қаржы жүйесін жалпы тұрақтандыруға қол жеткізе алды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Экономикалық құлдыраудың кері ағымына тоқтау салып, экономиканың жекелеген секторларындағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік туды", - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша "экономиканың жандануы мен көтерілуі байқалуда". "Өнеркәсіп өнімі бірінші тоқсандағыдан 3,1% артық өндірілді. Мемлекеттің қолдауымен 40 мыңнан астам үлескердің проблемасы шешімін табуда", - деді ол.

"Қаржы жүйесі жалпы тұрақтанды. 2009 жылдың 7 айында экономикаға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 7%-ға өсті", - деді Н. Назарбаев.

Президенттің айтуынша, "экономика тұрақты несиелендірілуде, инфляция төмендеді. Банктердің жиынтық активтері 2009 жылдың 1 тамызындағы жағдаймен 12 трлн теңгеден асып, жылдың басынан бері шамамен 2%-ға өсті. Банктердің несиелік қоржыны жарты жылда 10,6%-ға өсті".

Еліміздің халықаралық резервтері $42,5 млрд деңгейінде тұрақтанып, оның өсімі байқалды, деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны