12.07.2018, 19:09 3505

Мемлекет көрсететін қызметтер сапасын арттырудыӊ мәселелерін талқылау бойынша жиналыс өткізілді

Ағымдағы жылдыӊ 1 жартыжылдығыныӊ қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заӊнаманы сақтамаған "көшбасшылар" анықталды.

Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 1 жартыжылдығыныӊ қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заӊнаманы сақтамаған "көшбасшылар" анықталды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасыныӊ орынбасары Олжас Бектеновтыӊ төралағымен 2018 жылдыӊ 12 шілдесінде орталық мемлекеттік органдардыӊ және басқа да құзырлы ұйымдардыӊ басшылары мемлекет көрсететін қызметтер сапасын арттырудыӊ мәселелерін талқылау бойынша жиналыс өткізілді.

Жиналыстыӊ ашылуында Олжас Бектенов әкімшілік кедергілердіӊ азаюына және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтыӊ төмендеуіне қарамастан көптеген салаларда сыбайлас жемқорлықтыӊ тәуекелдері сақталып келетіндігін атап өтті.

Жиналыс барысында ішкі істер, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім және энергетика министрліктерінде мемлекеттік қызметтерді азаматтарға сапалы көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жағдайлары талқыланды.

Агенттіктіӊ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментініӊ директоры Ильдар Уйсимбаев өз баяндамасында "Мемлекеттік органдардыӊ қызметшілерімен артық құжат талап ету, қорытындыныӊ ұсыну мерзімін созу жағдайлары анықталды. Анықталған бұзушылықтар азаматтарға мемлекеттік қызмет алу барысында айтарлықтай кедергілер келтіреді, өз кезегінде бұл мәселе сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығына әкеп соғатын жағдай тудыратынын" атап өтті.

Мемлекеттік қызметшілердіӊ қызмет алушылармен тікелей байланысқа түсу фактілері анықталды, ол да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерініӊ пайда болуына септігін тигізді. Мемлекеттік қызметтердіӊ жеке түрлерін "электрондық үкімет" порталы арқылы алу мүмкіндігініӊ болмауына байланысты тікелей мемлекеттік орган арқылы көрсетіліп келген.

Талқыланып отырған салалардыӊ сыбайлас жемқорлыққа бейімділігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметініӊ мәліметімен расталып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросыныӊ мәліметіне сәйкес, соӊғы 3 жыл ішінде талқыланып отырған салалар бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін сотталған тұлғалардыӊ көпшілігі ішкі істер органдары, білім, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау салаларына тиесілі.

Сонымен қатар, жиналыста табиғи монополия субъектілерімен, сәулет және қала құрылысы органдарымен қызмет көрсету мәселесі қарастырылды.

Аталмыш мекемелермен қызмет көрсетудегі ашықтық және қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Агенттіктіӊ Төрағасыныӊ орынбасарымен қызметтердіӊ автоматизациялану процессін жылдамдату тапсырылды және осы салаларда көрсетілетін қызметтердіӊ бірыӊғай орталығын ашу ұсынылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша О. Бектенов мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы мәселелерді шешу бойынша шара қабылдау, сонымен қатар олардыӊ көрсетілу сапасын жоғарылату және болашақта бұзушылықтарға жол бермеу туралы ерекше тоқталды.

Бұзушылықтардыӊ алдын алу, Арнайы ХҚКО-тары мен ХҚКО-тарындағы "көмекшілерді" жою, электронды мемлекеттік қызмет алу барысындағы ақауларды жою, және де орталық мемлекеттік органдардыӊ жетекшілік ететін салалардағы қызметін үйлестіруді күшейту бойынша тапсырмалар берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны