15.05.2009, 15:10 1233

Мемлекет парақорлықтың тізесін бүктіруге тиіс - президент

Мемлекет парақорлықтың тізесін бүктіруге тиіс - президент

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет парақорлықтың тізесін бүктіруге тиіс. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Заң бұзатындар - мемлекеттік қызметкерлердің 1%-ынан аспайды, қалған 99%-дан астамы - адал адамдар, солар парақорлықтың тізесін бүктіруге тиіс", - деді Н.Назарбаев.

"Қоршаған ортаны қорғау министрлігіндегі тексерістер үлкен шу туғызды, онда министр мен оның барлық орынбасарлары заң бұзушылыққа қатысы бар болып шықты. "ҚазМұнайГаз" бен ҚТЖ-ның басшылары, кезінде министр болған адамдар түрлі жылдарға сотталды. Оларға не жетпеді? Парақорлықпен күресті жалғастыра беру керек, оны түбегейлі жеңу үшін батыл алға жылжи береміз дегенді ұғындыру қажет", -деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны