30.06.2010, 16:37 6915

Мемлекет жер қойнауын пайдаланып отырған алаяқтардан кен орындарын қайтарып алуды көздеуде Назарбаев

"Мен кен орындарын игеруге беруге белгілі бір уақытқа мораторий енгідім, себебі аласапыран кезінде кен орындарын сатып алғандардың ешбірі келісім шарттарын орындамайды. Біз бұл кен орындарын келісім шарттары орындамағандықтары үшін кері қайтарып алып, оларды тиімді пайдаланатын және қаржы салатындарға қайта береміз",- деді Н. Назарбаев.

Астана. 30-маусым. Kazakhstan Today Мемлекет келісім шарттарын орындамай отырған алаяқтардан кен орындарын қайтарып алуды көздеуде. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев минералды ресурстар мен металлургия саласындағы бірінші қазақстандық халықаралық конгресі барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Мен кен орындарын игеруге беруге белгілі бір уақытқа мораторий енгідім, себебі аласапыран кезінде кен орындарын сатып алғандардың ешбірі келісім шарттарын орындамайды. Біз бұл кен орындарын келісім шарттары орындамағандықтары үшін кері қайтарып алып, оларды тиімді пайдаланатын және қаржы салатындарға қайта береміз",- деді Н. Назарбаев.

Ол, жер қойнауын пайдалануға берудің басты шарты келесі міндеттерді орындау екендігін, яғни технологияны дамыту, қазақстандың үлес деңгейін сақтау және табиғатты қорғау заңнамасын сақтау екендігін еске сала кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны