17.04.2015, 21:54 4473

Мемлекеттер басшылары Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде болды

Оқу орнына келген Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Ердоған университет қалашығыныӊ макетімен танысты және музейді аралап көрді

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Оқу орнына келген Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Ердоған университет қалашығыныӊ макетімен танысты және музейді аралап көрді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сондай-ақ екі ел президенттері Құрметті қонақтар кітабына қолтаӊба қалдырды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Түркия Президентіне Құрметті профессор атағы берілді, содан кейін ол университеттіӊ оқытушы-профессорлар құрамы алдында сөз сөйледі.

Р.Ердоған көрсетілген құрмет үшін алғыс білдіріп, түркі тілдес елдердіӊ арасындағы байланысты нығайтудағы оқу орны қызметініӊ маӊыздылығын атап өтті.

Түркия Президенті Қожа Ахмет Яссауидіӊ бүкіл түркі дүниесіне қалдырған рухани мұрасыныӊ орны айрықша екенін айтты.

Р.Ердоған Түркияныӊ әрбір тұрғыны үшін Орталық Азия, соныӊ ішінде Қазақстан зор мәнге ие екеніне назар аударды.

- Соӊғы 20 жылда елдеріміздіӊ саяси, әлеуметтік және мәдени өмірінде зор өзгерістер болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі емтиханнан жақсы өтті. Барлық сынақтарды еӊсеріп, үлкен табыстарға жетті. Бұл көбіне көп өз елін жоғары деӊгейге шығару үшін оныӊ географиялық қонысын пайдалана білген Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ арқасында мүмкін болды, - деді Түркия президенті.

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті түркі тілдес мемлекеттер ішінде халықаралық мәртебесі бар бірден-бір жоғары оқу орны саналады. Онда әлемніӊ түркі халықтары тұрып жатқан 32 елінен келген студенттер оқиды. Сабақ қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүреді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны