11.09.2009, 13:13 2627

Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрін 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрауда

Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрін 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрауда

Астана. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа жалпы тәртіптегі абақтыда 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жүктеуді сұрауда. Бұл туралы бүгін айыптау қорытындысын оқыған прокурор Бахтияр Ерназаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ысқақовты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-ші бабының 5-ші тармағы (қылмысқа қатысушылардың түрлері), 176-шы бабының 3-тармағының "б" және "г" тармақшаларында (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салу немесе иемденіп алу) көрсетілген қылмыстарды жасаған айыпты деп танып, осы бап бойынша мүлкін тәркілеумен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жүктеуді сұраймын. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 307-ші бабының 4-ші тармағы (билігін немесе лауазымдық өкілетілігін асыра пайдалану) бойынша айыпты деп танып, осы бап бойынша алты жылға бас бостандығынан айырып, жеті жыл мерзіммен мемлекеттік органдарда лауазымға тағайындалу құқығынан айыруды сұраймын", - деді Б. Ерназаров.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 58-ші бабының 3-тармағын пайдалану арқылы қатаңдау жазаның бәсеңдеу жазаны жұтуына сәйкес түпкілікті жазаны мүлкін тәркілеумен жалпы тәртіптегі абақтыда жеті жылға бас бостандығынан айыру және жеті жыл мерзіммен мемлекеттік органдарда лауазымға тағайындалу құқығынан айыру түрінде жүктеуді сұраймын ", - деді ол.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 20 сәуірінде айыптау материалдары бойынша Нұрлан Ысқақов, И. Бралиев, З. Сәрсенбаев, Т. Савицкая, А. Жайылғанов, В. Лайсқа қызметтік өкілеттіліктерін пайдаланып бюджет қаржысын жымқыруға түрлі жолдармен қатысты және мемлекеттік сатып алулар кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану арқылы мемлекетке 1 млрд 172 млн 665 мың теңге көлемінде шығын келтірді деген айып тағылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны