11.09.2009, 18:22 2967

Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрін 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрауда (кеңейтілген нұсқасы)

Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрін 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрауда (кеңейтілген нұсқасы)

Астана. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа жалпы тәртіптегі абақтыда 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жүктеуді сұрауда. Бұл туралы бүгін айыптау қорытындысын оқыған прокурор Бахтияр Ерназаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ысқақовты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-ші бабының 5-ші тармағы (қылмысқа қатысушылардың түрлері), 176-шы бабының 3-тармағының "б" және "г" тармақшаларында (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салу немесе иемденіп алу) көрсетілген қылмыстарды жаған айыпты деп танып, осы бап бойынша мүлкін тәркілеумен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жүктеуді сұраймын. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 307-ші бабының 4-ші тармағы (билігін немесе лауазымдық өкілетілігін асыра пайдалану) бойынша айыпты деп танып, осы бап бойынша алты жылға бас бостандығынан айырып, жеті жыл мерзіммен мемлекеттік органдарда лауазымға тағайындалу құқығынан айыруды сұраймын", - деді Б. Ерназаров.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 58-ші бабының 3-тармағын пайдалану арқылы қатаңдау жазаның бәсеңдеу жазаны жұтуына сәйкес түпкілікті жазаны мүлкін тәркілеумен жалпы тәртіптегі абақтыда жеті жылға бас бостандығынан айыру және жеті жыл мерзіммен мемлекеттік органдарда лауазымға тағайындалу құқығынан айыруды сұраймын ", - деді ол.

"Сәрсенбаевты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-ші бабының 5-ші тармағы, 176-шы бабының 3-тармағында көрсетілген қылмыстарды жасаған айыпты деп тануды, осы баптарға сәйкес мүлкін тәркілеумен алты жылға бас бостандығынан айыруды, және ҚР Қылмыстық кодексінің 307-ші бабының 4-ші тармағы бойынша айыпты деп танып, осы бапқа сәйкес 5 жылға бас бостандығынан айырып, 6 жыл мерзіммен мемлекеттік органдарда лауазымға тағайындалу құқығынан айыруды сұраймын ", - деді Б. Ерназаров.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 58-ші бабының 3-тармағын пайдалану арқылы қатаңдау жазаның бәсеңдеу жазаны жұтуына сәйкес түпкілікті жазаны мүлкін тәркілеумен жалпы тәртіптегі абақтыда 6 жылға бас бостандығынан айыру және 6 жыл мерзіммен мемлекеттік органдарда лауазымға тағайындалу құқығынан айыруды сұраймын", - деді мемлекеттік айыптаушы.

"Бралиевті ҚР Қылмыстық кодексінің 28-ші бабының 5-ші тармағы, 176-шы бабының 3-тармағында көрсетілген қылмыстарды жасаған айыпты деп тануды, осы баптарға сәйкес мүлкін тәркілеумен 5 жылға бас бостандығынан айыруды, және ҚР Қылмыстық кодексінің 307-ші бабының 4-ші тармағы бойынша айыпты деп танып, осы бапқа сәйкес 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, 5 жыл мерзіммен мемлекеттік органдарда лауазымға тағайындалу құқығынан айыруды сұраймын",- деді Б.Ерназаров.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 58-ші бабының 3-тармағын пайдалану арқылы қатаңдау жазаның бәсеңдеу жазаны жұтуына сәйкес түпкілікті жазаны мүлкін тәркілеумен жалпы тәртіптегі абақтыда 5 жылға бас бостандығынан айыру және 5 жыл мерзіммен мемлекеттік органдарда лауазымға тағайындалу құқығынан айыруды сұраймын. 63-ші баптың негізінде тағайындалған жазаны 3 жыл сынақ мерзімімен шартты деп санау қажет",- деді ол.

Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы "Жайылғановты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-ші бабының 5-ші тармағы, 176-шы бабының 3-тармағында көрсетілген қылмыстарды жасаған айыпты деп тануды, осы баптарға сәйкес мүлкін тәркілеумен 9 жылға бас бостандығынан айыруды, және жазаны жалпы тәртіптегі абақтыда өтеумен 7 жыл мерзіммен мемлекеттік органдарда лауазымға тағайындалу құқығынан айыруды сұрады".

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 20 сәуірінде айыптау материалдары бойынша Нұрлан Ысқақов, И. Бралиев, З. Сәрсенбаев, Т. Савицкая, А. Жайылғанов, В. Лайсқа қызметтік өкілеттіліктерін пайдаланып бюджет қаржысын жымқыруға түрлі жолдармен қатысты және мемлекеттік сатып алулар кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану арқылы мемлекетке 1 млрд 172 млн 665 мың теңге көлемінде шығын келтірді деген айып тағылды.

Бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов пен "Меркурий плюс" ЖШС өкілі А. Жайылғановқа 1 сәуірде қызметтік өкілеттілігін пайдаланып 1 млрд 172 млн теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырды және мемлекеттік сатып алулар кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылды. "Сол күні алдын-ала тергеу барысында табылған дәлелдердің негізінде Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты Ысқақов пен Жайылғановты тұтқындауға санкция берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны