03.06.2014, 20:08 2503

Мемлекеттік басқару академиясында этносаралық қатынас бойынша жазғы мектеп ашылды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында "Жастар арасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті" тақырыбындағы II жыл сайынғы Жазғы мектеп ашылды.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында "Жастар арасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті" тақырыбындағы II жыл сайынғы Жазғы мектеп ашылды.

Жазғы мектеп жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының өкілдері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы, ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері және халықаралық сарапшылары қатысады, деп Академияда хабарлады.

Тыңдаушылар ретінде жастар этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жастар істері жөніндегі басқарма қызметкерлері, жастар ресурсты орталығының басшылары мен мамандары қатысты.

II жылсайынғы Жазғы мектеп шеңберінде Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатының мәнін және оны жаңғыртудың қазіргі кезеңі ашып көрсетіледі.

Оқу бағдарламасымен қоса тыңдаушыларға бейбітшілік, қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері жөніндегі партияаралық ынтымақтастықты ұйымдастырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының тәжірибесімен танысу үшін, сонымен қатар діни бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны