25.02.2014, 20:33 9375

Мемлекеттік басқару академиясында медиация қазыларына тренинг өтуде

"Тренингке аудандық қазылар мен аудандық қазылармен тең дәрежедегі Қазақстанның өңірлеріндегі қазылар, халықаралық ұйым өкілдері мен ғылыми қызметкерлер және Сот академиясы институтының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты", - делінген Мембасқару академиясының хабарламасында.

Алматы. 25 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстандағы Заңгерлердің американдық қауымдастығы өкілдігімен бірігіп (ABA ROLI) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қатысуымен ұйымдастырылған қазылардың біліктілігін арттыру курсы аясында тренинг өтуде.

"Тренингке аудандық қазылар мен аудандық қазылармен тең дәрежедегі Қазақстанның өңірлеріндегі қазылар, халықаралық ұйым өкілдері мен ғылыми қызметкерлер және Сот академиясы институтының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты", - делінген Мембасқару академиясының хабарламасында.

Америка Құрама Штаттарының медиация сарапшысы Джулия Бронсон семинарға қатысушыларға сот медиациясы саласындағы америкалық тәжіриемен, оның қалыптасу және даму тарихымен, сонымен қатар заманауи қолдану тәжірибесімен таныстырды.

"Медиация" Медиация және бітімгершілік бірыңғай орталығы" Қоғамдық бірлестігінің медиаторлары, ұлттық сарапшылар Валентина Степановамен Гүлнар Байғазина сот процесінде медиация қолдану әдістерінің ерекшеліктері туралы айтып, Қазақстандағы сот медиациясын қолдану тәжірибесіне сараптама жасады.

Тренинг барысында білім берудің интерактивті формасы пайдаланылды: іскерлік ойындар, оқиғалық тапсырмаларды шешу мен құжаттармен тәжірибелік жұмыстар атқарылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны