03.04.2013, 16:42 3132

Мемлекеттік басқарушылардың "А" корпусына бір орынға кем дегенде 2 үміткер болады

"А" корпусына 550 қызмет кіретінін ескерсек, олардың бәрі де қызықты, корпусқа бір орынға 2 адам үміткер болады деп болжаудамыз", - деді Ғ.Ибдрахымов.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекеттік басқарушылардың "А" корпусына бір орынға кем дегенде 2 үміткер болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

БҰл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Президенті Икімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидолла Ибдрахымов мәлім етті.

"А" корпусына 550 қызмет кіретінін ескерсек, олардың бәрі де қызықты, корпусқа бір орынға 2 адам үміткер болады деп болжаудамыз", - деді Ғ.Ибдрахымов.

Онымен бірге, "нақтырақ конкурстық іріктеу басталғанда айту мүмкін" екендігін атап кетті.

Қазіргі уақытта Мемлекеттік қызметкерлердің басқару корпусын қалыптастыру мақсатында Кадрлық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, өз жұмысын бастады. Кеше комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Комиссия құрамына ҚР Президенті Икімшілігі Басшысының орынбасары Ғ.Ибдрахымов, Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаев, Парламент Сенаты төрағасының орынбасары А.Судьин, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары С.Дьяченко, сонымен қатар ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік төрағасы И.Бәйменов, Иділет министрі Б.Имашев, Премьер-Министр кеңсесінің басшысы Е.Қошанов, Президент кеңесшісі - Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Г.Ибдіқалықова кірді.

Бүгінде "А" корпусына әлеуетті үміткерлерден өтінімдер қабылдау басталды, ол жарияланған сәттен бастап 1 ай жалғасады. Содан соң ізденіскерлердің жеке істері комиссиямен қаралады.

Сосын комиссияның шешімдері, өз алдына сәйкес мемлекеттік органдарға, ұйымдарға бағытталады және комиссияның міндетті қарауына жатады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны