26.07.2013, 15:41 3178

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің салымшылар саны 115 адамға жетті

Қазақстанда 2013 жылдың 17 маусымынан бастап істейтін Мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесінің салымшылар саны 115 адамды құрады, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 26-шілде. Kazakhstan Today - Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің салымшылар саны 115 адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда 2013 жылдың 17 маусымынан бастап істейтін Мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесінің салымшылар саны 115 адамды құрады, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

"2013 жылдың 5 шілдесіне жағдай бойынша барлық республика бойынша МБЖЖ салымшыларының саны - 115 адам, олардың 14 жеңілдікті жүйе бойынша салымдар", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, жеңілдікті жүйе бойынша салымдар мемлекеттік сыйақыдан 7%, қалғандарына 5% аударылады.

Айта кету керек, шамамен 12 жеңілдікті салым көп балалы отбасылардың балалар үшін, 2 - мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ашылған.

Өз кезегінде, салымдар сомасы минималды бастапқы салым 5 200 теңгеден 1 млн теңгеге дейін түрленеді.

Бүгінгі таңда, МБЖЖ жүйесіне қатысу бойынша ең белсенді облыстар Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны